Атырау, 23 қараша 23:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

М.Әбіләзовтің әйелі А.Шалабаеваның барлық заңды құқықтары мен бостандығы толығымен сақталған - ҚР СІМ мәлімдемесі

2 594 просмотра
ҚР СІМ сайтында мәлімдеме жарияланды. ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады. Итальяндық билік органдарының сұранысы бойынша жүзеге асқан үстіміздегі жылғы 31 мамырда Алма Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға депортациялау туралы шешімді Италия Республикасы күшін жойғаны туралы бізге белгілі. Депортация туралы шешім қабылдау Италия Республикасының ішкі мәселесі болып табылады. Ұлттық органдармен жер аударылған шетелдік азаматтар жер аударған елге әдетте белгілі мерзімге қайтып кіруіне тыйым салынады. Алма Шалабаева және оның қызын депортациялау туралы шешімінің күшін жоюы, біздің ойымызша, итальяндық биліктің оларға осы елге келешекте қайта кіруге рұқсат бергені деп саналады.

 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Алма Шалабаеваның және оның қызының Қазақстанға жер аударылуына қатысты барлық заңдар мен іс-әрекеттер, соның ішінде ҚР Римдегі Елшілігінің консулдық бөлімнің қайтуға рұқсат беру туралы куәлігін тапсыру әрекеті де тиісті түрде сақталған.

Қазіргі таңда Алма Шалабаева мен оның қызы Алматы қаласында Шалабаеваның әке-шешесімен бірге тұрып жатыр. Шалабаева қамауға немесе үй қамаққа алынбаған. Алайда, қазіргі уақытта ол оның күйеуі М.Әбіләзовтің туысқандарына заңсыз берілген қазақстандық төлқұжаттар туралы жеке істің фигуранты болып табылады. Қазақстанның құқық қорғау органдары өздерінің шетелдік әріптестеріне А.Шалабаеваның заңсыз алған төлқұжаттарды қолданғаны туралы жәйттерді анықтау үшін тиісті сұраныстарды жолдады.

А.Шалабаеваның тергеу аяқталғанша елден кетіп қалмауын қамтамасыз ету мақсатында одан Алматы қаласынан (өз еркімен тергеу кезеңінде әке-шешесімен тұратын жер ретінде таңдап алған қала) шықпау туралы қолхат алынды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықпен қарастырылғандай, Шалабаеваның барлық заңды құқықтары мен бостандығы толығымен сақталған және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен кепілдендірілген.

Әбіләзов мырза бірқатар шетелдік заңнамадан жалтарып жүр. Дегенмен, Шалабаева Әбіләзов жасаған қылмыстарға қатысты айыпталып отырған жоқ және оның іс-әрекеттері үшін қуғынға ұшырамайды.

 

Мұхтар Әбілязовтің ісі

Әбіләзов жетекшілік еткен БТА Банкінің шотында 15 миллиардтан астам қаржының кем шыққаны белгілі болғаннан кейін, 2009 жылдан бастап Қазақстан сот органдарынан жасырынып жүр. М.Әбіләзов осы қаржыны жымқырды деп айыпталды.

Қазіргі таңда оған Қазақстанда айлакерлік және астыртын әрекет жасаумен БТА Банкінің қаржысын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топты құру және ақшаны жылыстату фактілері бойынша оған айып тағылған. 2009 жылдың наурыз айында Әбіләзовті қамауға алу жөнінде халықаралық ордер берілді. Ұқсас қылмыстық әрекеттері үшін Украина және Ресей биліктері Әбіләзовке жеке қамауға алу жөнінде ордер тағайындады.

Сонымен қоса, Әбіләзов қашып жүрген Ұлыбританияда БТА Банк оған қарсы азаматтық іс ұйымдастырды. Жақында Ұлыбританияның Жоғарғы Сотының шешімі бойынша М.Әбілязовтің 4 миллиардқа жуық активтерін банкке қайтадан қайтару туралы қаулы етілді. Ұрланған активтерді жасыру, тергеушілікке кедергі келтіру фактілері бойынша және сотты сыйламағандығы үшін кінәлі деп танылып, жалпы ұзақтығы 22 айға тең мерзімге түрмеге қамауға алу туралы үкім шығарылғаннан кейін ол Ұлыбританиядан қашып кетті. Ақырында Әбілязов осы шешімге қарсы аппеляциялық шағым жасады, алайда Ұлыбританияның Жоғарғы Сотымен қанағаттандырылмады.

Оның жанұясы Италияда болғанын ескере отырып, біздің ойымызша, Әбілязов те осы мемлекетте болған немесе әлі де болу мүмкін деп санаймыз. Италияның құқық қорғау органдары Мұхтар Әбілязовті табу және қамауға алу әрекеттерін әрі қарай жүргізуде. Ол көптеген мемлекеттердің тергеу органдары қуғынынан әрі қарай жасырынуда. Өз тарапынан Мұхтар Әбілязовті жауапқа тарту мақсатында, халықаралық әріптестерімізбен бірге, жұмыстың алдағы тергеу шараларын әрі қарай жүргіземіз.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

13 шілде 2013, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.