Атырау, 26 желтоқсан 19:14
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ақтөбеде тойға барған 60-тан астам адам астан ұшынып қалды

2 184 просмотра

АСТАНА,  31   шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Ақтөбе облысында алпыстан астам адам астан ұшынып, ауруханаға түскен. Барлығы Қарабұтақ ауылындағы мейрамханада өткен қыз ұзату тойына қатысқан қонақтар. Ең сорақысы бұл оқиғаны аудандық билік өкілдері мен дәрігерлер барынша жасырып бағуда. Себебі, тойхана жергілікті әкімнің әйеліне тиесілі екен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қарабұтақ ауылындағы су торабының бастығы Бүркітбай есімді азамат қыз ұзату тойын осылай көңілді өткізбек болған. Алдына қойған астан алып мәз болған меймандар, той аяқталысымен келеңсіз жайтқа тап боламыз деп әсте ойламаса керек. Тоя тамақ ішкен қонақтардың 60-қа жуығы жаппай ұшынып, ауруханадан бірақ шықты.

Қарабұтақ ауылындағы той-томалақтың барлығы осы жерде өтеді. Бұл мейрамханаға Әйтеке би ауданының әкімі Бердалиннің отбасы иелік ететін көрінеді. Қазір осы жер жабық тұр. Ал улану фактісіне байланысты мәлімдеме алмақ болғанымызда ауылдың барлық дәрігерлері шенеуніктің ықпалынан қорықса керек елді-мекенен қашып кеткен.

Ал мейрамхана иесі Әйтеке би ауданының әкімі Аманғали Бердалинның әйелі екен. Жергілікті шенді жүзін көрсетпек түгілі күзетшілерін қосып, кеңсе табалдырығын аттатпай қойды.

Адамдардың жаппай астан ұшынғанын облыстық СЭС қызметкерлері журналистерден естіп біліпті. Олар Қарабұтақтағы жалғыз мейрамхананы тексеру үшін енді жолға шығамыз деп отыр.

Дереккөз: newskaz.kz

31 шілде 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.