Атырау, 27 қараша 08:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бейбітшілік пен келісім сарайын жарып жібермек болғандарға қатысты сот процесі басталды

1 846 просмотра

Астанадағы бірегей туынды Бейбітшілік пен келісім сарайын жарып жібермек болған 6 адамға қатысты сот процесі басталды. 

Күдіктілер тіпті кезінде құрылысы басталған Опера және балет театрында да жарылыс ұйымдастырмақ болған. Тергеушілердің алдын ала болжамы бойынша лаңкестік әрекет ұйымдастырушыларөзін-өзі жарып жіберуге әйел адамды психологиялық тұрғыдан дайындаған. Полиция күдіктілердің ортақ баспанасынан Бейбітшілік пен келісім сарайының сызбасын,одан басқа қару-жарақ пен жарылғыш заттарды тәркіледі.

Малика ШАШДӘУЛЕТОВА, прокурор:

- Қошалақов, Шәріпов, Кадірсізов, Қасқабаев, Жүнісов қылмыстық әрекетке дайындалды деп айыпталуда. Олар қылмыс қарулары мен жарылғыш заттарды дайындап, арам пиғылды іске асыратын серіктестер іздеумен айналысқаны белгілі болды. Осы әрекеттері арқылы қоғамға және азаматтар өміріне қауіп төндірді.

Дереккөз: 24 KZ

15 мамыр 2013, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.