Атырау, 24 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үш қазақстандық дипломат жақын арада Рим прокуратурасына жауап алуға шақыртылады

1 586 просмотра

Рим прокуратурасы БТА банкі дирекорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваны экстрадициялау туралы іске қатысы бар болуы мүмкін деген үш қазақстанық дипломатқа қатысты тергеу ісін қозғады, деп хабарлайды РИА Новости Corriere della Sera сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметтерінше тергеу амалдарына Қазақстанның  Италиядағы елшісі Андриан Елемесов, елшіліктің саяси мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нұрлан Хасен және консулдық мәселелер жөніндегі атташе Ержан Есіркепов тартылған. Үш дипломат жақын арада прокуратураға жауап алуға шақыртылуы мүмкін. 

Бұрын Әблязовтың туыстары, олардың пікірінше, Италиядан белгілі кәсіпкердің әйелі Алма Шалабаеваның заңсыз депортациясына жол беріп, іс жүзінде алты жасар қызы Алуаны «ұрлауды ұйымдастырған» үш қазақстанық дипломаттан дипломатиялық иммунитетті алып тастауды талап еткен. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
27 қыркүйек 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.