Атырау, 26 желтоқсан 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ақтау соты мұнайшыларды айдап салуға Әбілязовтың қатысы бар екенін дәлелдеді

2 421 просмотра

Ақтау соты мұнайшыларды айдап салуға Әблязовтың қатысы бар екенін дәлелдеді. Өзінің шектеусіз қаржылық жағдайы мен «Алғаны» пайдалана отырып, бұрынғы банкир ашық түрде халықты қастандық жасауға шақырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ақтаудағы Козловқа, Сапарғали мен Әминовке қатысты сот процессі барысында айыптаушы жақ ұсынған Әблязов пен «Алға» мүшелерінің кейбір ардан безген әңгімелері басылған жазбалар жұртшылықты жағасын ұстатты. Дегенмен, жалпы алғанда, халық Жаңаөзендегі бүлікшіліктің соңында кім тұрғанын онсыз да іштей білетін, сондықтан сезімге берілмей, ашылған фактілердің шынайылығын мойындады. Сот барысында қайғылы желтоқсан оқиғасының тікелей қатысушылары онсыз да жақсы білген фактілер жүйелік әрі тыңғылықты түрде дәлелденіп отырды.

Куәгерлік түсініктемелер мен айыпталушылардың өз кінәларын мойындаулары Әблязовтың тапсырмасы бойынша Козлов пен «Алға» жаппай бүлікшілікке тиянақты дайындалды, еңбек дауын қасақана саясиландыра отырып, аймақтағы ғана емес, жалпы мемлекетіміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты деген болжамды толық дәлелдеп шықты.

Жанжал тудырудың құны қанша?

Сот кезінде куәгерлер де, Козловтың өзі де «Алға» мен Жаңаөзендегі «көлеңкелі көңіл-күйді» қаржыландыру үшін Әблязов қанша қаражат аударғанын жасырмады. «Алға» белсенділерінің бірі А.Әмірованың куәгерлік сөзіне сенсек, оның басшылығы қаражат бөлуде, оппозициялық басылымдарды тегін таратуда және бүлікшіліктің қатысушылары үшін шатыр соғуда сараңдық танытпаған.

Интернеттегі бірқатар тәуелсіз сарапшылар Әблязовтің Жаңаөзенді қаржыландыруы – олигархтың кезінде өзі тонап кеткен қаражатты мемлекеттік төңкеріс жасауға инвестициялау әрекеті деген болжамдар жасады. Сот қорытындысы бойынша Әблязов пен Козлов басшылық еткен «Алға» Жаңаөзенді аласапыранға батырып, тонаушылық пен заңсыздық режимін қалай орнатқаны белгілі болды.

Жаңаөзенде толқу байқала бастаған сәттен-ақ Әблязовтың шабармандары мұнайшыларды қара қарғалардай айнала орап алды –Алдамжаров та, Козлов та және «Алға» белсенділерінің басым көпшілігі, кезінде аймақпен байланысы болғандар, мәселен Сапарғали мен Әмірова – бәрі-бәрі сол жерден табыла қалды. Одан бөлек, Әблязов ол жерге мұнай саласына мүлде қатысы жоқ адамдарды да жөнелтіп отырған – мәселен, жас бүлікшілерді іріктеумен айналысқан жұмыссыз жігіт Ж.Мамайды.

Жоспарланған қақтығыс

Алайда сол күндері арандатудың нағыз кіндігі сонау Лондон қаласында орналасқан десек, қателеспейміз, себебі сол жақта Әлязовтың стратегиялық басшылығымен жанжалды мейілінше ушықтыру, оны саясиландыру және соның нәтижесі ретінде жаппай мемлекетке қарсы төңкеріс орнатудың жоспары жасалған.

Сот барысында 2010 жылдың 30 сәуірінде Әблязов пен Козлов арасындағы телефон арқылы өрбіген әңгімелері тыңдалды. Онда әңгімелесушілер өздері жоспарлаған қақтығыстың мерзімін ашық талқылап жатыр.

Әблязов Козловқа айтқан әңгімесінде былай дейді: «келесі жылдың соңына дейін билікті тақтан тайдыру керек, негізінен, бұл қолдан келетін шаруа, тек жақсылап тер төгу қажет». Алаяқ «Алға» ұйымына қоғамның осал тұсын табуды тапсырады, олардың қатарында: мұнайшылар, шахтерлер мен үлескерлер бар. Әблязов аймақтарда қоғамның түрлі топтарымен тіл табыса білгені үшін Козловты мақтап алып, кейін жұмыстың жай жүріп жатқанына көңілі толмайтындығын жеткізеді. «Мына билікті құлатудың уақыты келді деп ойлаймын», - деп қорытындылайды өз сөзін Әблязов.

Одан әрі өрбіген жағдайды сот барысында жарияланған материалдардан-ақ елестетіп көруге болады.

Осы тұрғыда соттың объективтілігі мен әділдігін айыпталушылардың өзі сынай алмады. Керісінше, сот тыңдауы басталған кезден-ақ Козловтың жақтаушысы А.Плугов ҰҚК жедел-тергеу тобы зертету жүргізу барысында заң талаптарын бұзған жоқ деген бағасын берген болатын. Ал сот барысы басталған сәтте Сапарғали өзіне қатысты заңсыз айыптаулар уақытылы алынып тасталғаны үшін, сондай-ақ әділ қарым-қатынасы үшін сотқа алғысын білдірді.

Дереккөз: bnews.kz

9 қазан 2012, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.