Атырау, 24 қараша 04:54
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орал қаласында болған атысқа байланысты тың деректер анықталды

1 774 просмотра

Орал қаласында болған атысқа байланысты тың деректер анықталды. Естеріңізге салайық, қаладағы ойын-сауық орталығы маңында оқ атылып, бір адам көз жұмған еді. Қазір күдікті ұсталып, оның бұрын қаржы полициясында жұмыс істегені, кейін белгісіз себептермен жұмыстан босатылғаны анықталды. Рустам Сайфуллин әйелін балағаттаған үш жігіттің сазайын бергенін айтқанымен, ол екі айға қамауға алынды.

Ал Ақтөбеден келіп, қанды оқиғаға себепкер болған үш жігіт жәбірленуші ретінде танылды. Бірақ олар бұзақылық қылығы үшін қайтадан жеті тәулікке қамауға алынған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ.  

Асхат Қуанаев, БҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

Қазіргі уақытта ол тек пистолет қолданып, атқандығын ғана мойындап отыр, травматикалық пистолетпен. А именно, қайтыс болған Войтишин Андрейге пышақтап, дене жарақатын салғанын мойындамай отыр. Пышақ оқиға орнынан табылған жоқ.

Дереккөз: Астана телеарнасы

17 қыркүйек 2013, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.