Атырау, 26 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Хиуаз Доспанова атындағы ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды

8 783 просмотра

Кеше кешке Алматы әуежайына «Эйр Астана» авиакомпаниясының Хиуаз Доспанованың атымен аталған Embraer 190 модельді алғашқы меншікті ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

«2012 жылдың 1 қарашасында, жергілікті уақыт 23.35 минутта «Эйр Астана» авиакомпаниясының Embraer 190 модельді алғашқы меншікті ұшағы Алматы әуежайына келіп қонды. Әуе лайнеріне алғашқы қазақстандық ұшқыш әйел Хиуаз Доспанованың аты берілді», - делінген хабарламада. Бұрынырақ хабарланғанындай, Embraer 190 үлгісіндегі екі әуе лайнерін сатып алу жөніндегі «Эйр Астана» әуе агенттігі мен Embraer әуеқұрастыру концерні арасындағы келісімшартқа 2011 жылы қол қойылған. Келісімшартта осы үлгідегі тағы екі әуе лайерін сатып алуға жеңілдік қарастырылған еді. Прайс парағына сәйкес келісімшарттың құны 85,6 миллион АҚШ долларын құрайды және 2011 жылдың қаңтар айындағы экономикалық жағдайға негізделген.

Ұшақтарды қаржыландыруды мемлекеттік бюджет қаржысы мен мемлекеттік кепілдіктердің қатысуынсыз, «Эйр Астана» әуе агенттігі ұйымдастыратыны атап өтілген.

«Бұл Бразилиядағы шығарушы зауыттан тікелей жеткізілген алтыншы Embraer 190 үлгісіндегі ұшақ. Әуе лайнері Бразилия қаласы Сан Жозе дус Кампустен 2012 жылғы 30 қазанда ұшып шықты. Жалпы санағанда, Embraer 190 ұшағы 20 сағаттан астам уақыт әуеде болған. Алматыға дейінгі жолда жағармай құюға және экипаждың тынығуына 4 рет жоспарлы түрде қондырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматыда Embraer 190 ұшағы міндетті техникалық және құжаттамалық тексерістен өткізіліп, кедендік рәсімдеу мен тіркеуден өтеді. Осыдан кейін ғана әуе лайнері алыс-жақын сапарларға пайдаланыла бастайды.

Embraer 190 әуе лайнеры E-Jet орта қашықтықта ұшатын, қосмоторлы жолаушы ұшақтар тобына жатады. Ұшақтың жолаушы сыйымдылығы 97 орын. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 890 шақырым. Ұшу қашықтығы - 4200 шақырым.

Дереккөз: bnews.kz

2 қараша 2012, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.