Атырау, 23 қараша 13:56
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әйелдердің 50 жаста да зейнетке шығу құқы сақталады

3 037 просмотра
 
Әйелдердің 50 жаста да зейнетке шығу құқы сақталады. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының кезекті таныстырылымы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда жеке зейнетақы шоттарының жалпы санының 45 пайызы әйелдерге тиесілі. Сондай-ақ, әйелдердің орташа зейнетақы үлесі ер адамдарға қарағанда 25 пайызға төмен.

«Әйел адамдардың зейнет жасын теңестіру арқасында олардың жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де артады. Осы ұсынысты кезең-кезеңмен 10 жыл ішінде жыл сайын әйелдердің зейнетке шығу жасын 6 айға ұлғайту арқылы іске асыруды жоспарлаймыз»,-деді министр С. Әбденов.

Сонымен қатар министр әйелдер үшін зейнетке 50 жаста да шығу құқы сақталатынын атап өтті. «Ол үшін олардың зейнеткерлік жинақ салымы жеткілікті болуы шарт. Бұдан бөлек 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажы сақталған әйелдерге де ерте зейнетке шығу құқы сақталады. 53 жаста 5 және одан да көп бала туған әйелдерге де ерте зейнетке шығу құқы қарастырылады»,-деді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 сәуір 2013, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.