Атырау, 27 желтоқсан 17:00
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жаңа туған баласын көміп кеткен әйел жазадан босатылды

3 374 просмотра
Жаңа туған баланы арыққа лақтырып кеткен қызылордалық жас ана жазадан босатылды. 

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын Төменарық ауылының тұрғыны итінің жеп жатқан етін көріп, оның сәби екендігін анықтаған.Полицияға хабар берілгеннен кейін, шақалақтың шұңқырға тасталған жері табылып, тергеу жүргізілген болатын. Іздеу жұмыстары жүргізіліп, мұндай әрекетке барған ана да табылған.Алайда, алғашында ол жүкті болғандығын жоққа шығарып жалтарған. Дегенмен, сот-медициналық эскпертиза қан арқылы ол баланың сол әйелден туғанын дәлелдеген.Сараптамадан кейін ғана, қылмысын мойындаған әйел, бала өлі туған деп жауапкершіліктен қашты. 

Сот баланың өлі не тірі болғандығын анықтау мүмкін болмағандықтан, бала өлтіру фактісі бойынша айыпталған әйелді жазадан босатты.

BAQ.kz

14 қыркүйек 2012, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.