Ақтөбе соты «жүкті» жеткіншекке қатысты іске шешім шығарды. Оқушыны «екіқабат» еткен дәрігерлер енді 50 мың теңге көлемінде моралдық өтемақы төлейді, деп хабарлайды КТК арнасы.
15 жасар Байжан Алдашевқа жедел жәрдем ауруханасының нефролог және уролог дәрігері осындай диагноз қойып, тиісті ем жазып берген. Кейін белгілі болғандай дәрігерлер аяғы ауыр әйел мен жеткіншектің сараптамаларын шатастырып алыпты.
Баланың ата-анасының айтуына қарағанда, дәрігерлердің емінен кейін оның денсаулығы күрт нашарлап кетіпті. Ақыры оның отбасы 10 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алуға сотқа шағымданады. Бірақ, Мұхит Байзақов есімді дәрігер кінәсін мойындамады, ол тиісті ем шара жасалғанын, ал жүктілік туралы жазу компьютерден кеткен қателік екенін айттыпты.
Дереккөз: bnews.kz