Атырау, 26 желтоқсан 12:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әблязов тобының мүшесі Чехияда қолға түсті

1 920 просмотра
Қазақстандық БТА банкінен 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Татьяна Параскевич Чехияда ұсталды.

«Чехияда ресейлік және украиналық полиция іздестірген әйел ұсталды...Жақын арада тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында тергеушілер сол елге бармақшы» деп жазды 29 қазан күні Ресейдің ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу департаментінің сайты.
Сайттағы ақпарат бойынша, күдікті қуғындағы бизнесмен, БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов басқарған "қылмыстық топтың құрамында болған". Параскевич қылмыстық топ үшін ақша жымқыру схемасын жасау және қаржыландыру ісіне жауапты болған деп сипатталады.
«...Әблязов пен оның серіктестерінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Параскевич ұзақ уақыт бойы Еуропа Одағы аумағында: Латвия, Кипр, Польша, Чехияда құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген» деп жазылған сайтта.
Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Параскевичтің Мәскеу және Алтай аумағында тұрған үйлеріне тінту жүргізіліп, тергеушілер «көптеген коммерциялық ұйымдар мен салық органдарының жалған мөрлерін тапқан».
Бұған дейін Мәскеудегі Дорогомиловский соты БТА банкінен 730 миллион доллар қаржы жымқырды деп айыпталған «Еуразия Логистик» компаниясының төрт жоғары лауазымды қызметкерін сегіз-тоғыз жыл мерзімге соттаған еді, деп хабарлайды «Азаттық».

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 қазан 2012, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.