Сұрақ-жауап Тамызда келіңіз - Менің 3 жастағы немереме Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «эпилепсия» диагнозын қойды. Оған мүгедектік тағайындау үшін Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жанындағы дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы мүгедектік анықтамасы төрт айдан соң берілетінін айтты. Ол үшін бала Тұрғындар қалашығындағы оңалту орталығына жатып шығу керек екен. Ал оңалту орталығында баланың сіңірі тартып қалатыны бар деп қабылдамай отыр. Енді мен не істеуім керек? 25 маусым 2015, 00:00 2 986 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кейінге қалдыру құқығы – Өзім зейнеткермін, мені бағып отырған кенже ұлыммен бірге тұрамын. Ол асыраушы деп есептеле ме және осы негізде оның әскерге бармауға құқығы бар ма? 11 маусым 2015, 00:00 3 770 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тәрбиешінің тәрбиесі – Егер балабақша тәрбиешісі 3 жасар ұлымды ұрған болса, қайда шағымдану керек? Балам тәрбиеші соғады деп үнемі айтатын, бірақ біз оны елемейтін едік. Ал, кеше тәрбиеленушінің теледидардан жайбарақат мультфильм көріп отырған баланың басынан соғып жібергенін әкесінің өзі көрген. 21 мамыр 2015, 00:00 2 444 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әке капиталы – Күйеуім бірінші некедегі қызына алимент төлейді. Бұл сома оның жалақысының 25 пайызына тең. Қазір оның басқа отбасы бар, біздің баламыз өсіп келеді. Ол алиментті әрбір бала үшін 16,5 пайызға дейін - жалпы екі балаға 33 пайызға азайтуға құжаттарын бергісі келеді. Ол үшін не керек?– Бұрынғы күйеуім жұмыссыз. Біздің ортақ бір баламыз бар. 2014 жылы бір балаға жұмыссыз ата-анадан 27 160 теңге алимент тиесілі болды. Ол Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы бойынша есептелді. Биыл менің сот орындаушым жұмыссыз алимент төлеушілер үшін алимент есептеу жүйесі өзгергенін және 4 000-5 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін айтты. Мұндай өзгерістер қандай негізде орын алды? 30 сәуір 2015, 00:00 2 626 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қауіпсіздік үшін алты мың теңге – Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой. 16 сәуір 2015, 00:00 2 687 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік баж салығын кім төлемейді? – Ұлым бала күнінен мүгедек. Әдетте нотариустар бізге мемлекеттік баж салығын төлетпей қызмет көрсетеді. Жақында бізге нотариустың қызметі қажет болып, мүгедектік туралы анықтама мен Салық кодексінің үзіндісін (542-бап) ұсынған едім. Бірақ нотариус бізге қызмет көрсетуден бас тартып, бұл Кодекстің қазіргі уақытта қолданыста жоқ екендігін айтып, мені кеңседен қуып шықты. Мұндай жағдайда қайда шағымдануға болады? 2 сәуір 2015, 00:00 3 333 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көрші елге бару қиын емес – Жазда Ресейге бармақпыз. Қазақстандықтарға Ресейге жеке бас куәлігімен баруға бола ма? Тіркелусіз Ресей аумағында қанша уақыт болуға рұқсат етілген? Менімен кәмелетке толмаған бала барады, шығу үшін әкесінің келісімін ресімдеу міндетті ме? 5 наурыз 2015, 00:00 1 958 рет қаралды
Сұрақ-жауап Атауы жоқ көпірлер – Неліктен қаламыздағы көпірлердің атауы жоқ? 5 наурыз 2015, 00:00 2 670 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шартты мерзімнің шарттары – Менің досыма қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында шартты түрде соттау және зардап шегушілермен татуласу бойынша түбегейлі жаңалықтар бар ма? 5 ақпан 2015, 00:00 6 244 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалпына келтіріледі – 7 жасар баланың төлқұжатын қалай қалпына келтіруге болады? 27 қараша 2014, 00:00 1 994 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сәбиге арналған мүгедектік – Біз Даун синдромына шалдыққан 2 айлық сәбидің ата-анасымыз. Осындай сырқаты бар балаларға мүгедектік тағайындала ма? ҚР-ның қандай емханаларында оңалту жүргізіледі? 20 қараша 2014, 00:00 1 962 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лицейдің қандай айырмашылығы бар? – Жақында біз жанында №16 мектеп орналасқан үйге көшіп бардық. Ұлымызды осы мектепке ауыстырғымыз келген. Бірақ бізге №16 мектептің лицей екенін, ол жерге емтихансыз қабылданбайтынын айтып, бас тартты. №31 және №20 мектепке қатысты да осындай жағдай. Осы гимназиялар мен лицейлердің қарапайым мектептерден айырмашылығын түсіне алмаймын. Оларға бұл мәртебені кім береді? Гимназиялар мен лицейлерге қандай талаптар қойылады? Менің пікірімше, еш айырмашылық жоқ. Жұмыс істейтін де сол мұғалімдер, сабақтар да бірдей оқулықтармен оқытылады. 6 қараша 2014, 00:00 8 754 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек пайдалы болуы тиіс – Бесінші сынып оқушыларын мектепте өткізілетін сенбілік жұмыстарға тарту заңды ма? 23 қазан 2014, 00:00 2 244 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сақтандыру медицинасы – Жеке стоматологиялық емханалардың бірінде ауру тісімнің орнына сау тісімді жұлып тастады. Менің наразылығыма дәрігер қайда шағымдансаң да өзің біл деді, ал емхана меңгерушісі менен қашқақтап жүр. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуге болады? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 400 рет қаралды
Сұрақ-жауап Азаматтық мәселе – Ұлым мен келінім АҚШ-та үш жыл оқыды. Өткен жылы ұлдары дүниеге келді. АҚШ заңы бойынша ол автоматты түрде сол елдің азаматтығын алды. Биыл шілдеде ұлым отбасымен үйге оралған еді. Ол мекен-жайға тіркелу үшін ХҚКО-ға барғанда ондағылар көші-қон полициясына сілтеген. Ал, көші-қон полициясындағылар тек таяу шетелден келгендерді ғана тіркейтінін, алыс шетелмен облыстық ІІД айналысатындығын айтқан. Облыстық ІІД-дегілер баланы 16 жасқа толғанша, оның өздігімен азаматтығын таңдау құқығы басталғанша тіркей алмайтындықтарын айтқан... 18 қыркүйек 2014, 00:00 3 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап ЖИН жыры – Үш жыл бұрын бала асырап алып, оған жаңа аты-жөнін беріп, туған күнін өзгерткен едім. Туу туралы жаңа куәлік алған кезде онда ескі туған күн бойынша ЖИН жазылған болып шықты. Құжатта туған күн бойынша айырмашылықтар болғанын қаламаймын. Мен сәбидің алдыңғы, шынайы туған күні бойынша туу туралы жаңа куәлікті рәсімдей аламын ба? 11 қыркүйек 2014, 00:00 1 951 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тәлім ақша жинаудан басталады – Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 1 904 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұрғын үй көмегі – Мемлекеттен тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар ұсыну керек? 24 шілде 2014, 00:00 3 454 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көше атауы қандай? – Балықшыдағы көшелердің бірі Жаңабатыр Сарбөпеев атымен аталады. Сол адам туралы білгім келеді? 24 шілде 2014, 00:00 2 349 рет қаралды
Сұрақ-жауап Баланы сенімхатпен аласыз – АДГ №1 әкімшілігі балабақшадан немеремді алуға құқылы болу үшін қызымнан нотариалды расталған сенімхатты ұсынуды талап етіп отыр. Сенімхат 2 500 теңге тұрады, бұл біздің отбасымыз үшін тиімсіз. Мектепке дейінгі мекеме басшылығының әрекеті қаншалықты заңды? Өйткені балабақша директоры да, тәрбиешілер де менің бөтен адам емес екенімді біледі ғой. 24 шілде 2014, 00:00 2 368 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жағажайдағы балықшылар - Демалыс күндері жағажайға барып суға түскіміз келген, ол жерде балықшылар толып жүр екен. Мен қармаққа түсіп қаламын деп қорқып, баламмен бірге суға түспедім. Неге жағажай иелері тәртіпті қадағаламайды? 10 шілде 2014, 00:00 1 907 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әйеліне де алимент төлейді – Ұлым 2013 жылдың сәуірінен бастап алимент төлеп келеді. Ол бұрынғы зайыбына алименттен бөлек тағы да басқа қаржы төлеуге тиіс пе? 29 мамыр 2014, 00:00 2 543 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жөндеу жүргізілмейді – Біз Ресейден президент Владимир Путин бастаған делегацияның іссапармен келуіне байланысты Мир даңғылы (Балықшы п.) бойындағы 3 қатарлы ескі үйлерге жөндеу немесе қайта жарақтау жүргізіледі деп естідік. Осы рас па? 8 мамыр 2014, 00:00 1 872 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық береді - Сарықамыс-2, Жұлдыз-1, 2, 3 ықшам аудандарын, Химпоселкедегі Говоров, Балықшыдағы 8 Наурыз көшелерін жарықтандыру жұмыстары қай уақытқа жоспарланған? Дамбыға апаратын тас жолдың бойы да түнгі уақытта өте қараңғы, жол бойына жарық қашан жүргізіледі? 8 мамыр 2014, 00:00 2 192 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальт төселеді - Өркен ықшам ауданындағы №38 көше қашан асфальтталады? - Жұмыскер-1 ықшам ауданындағы №156 үй орналасқан көшеге асфальт қашан төселеді? - Балықшыға іргелес жатқан Холодильник ауылына асфальт төсеу қашан жүзеге асады? 8 мамыр 2014, 00:00 2 847 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сынама -вакцина емес – Мен 10 жастағы балама Манту сынамасын салғанға қарсымын. Ал мектепте менің бас тартуымды нотариалды түрде куәландыруымды талап етіп отыр. Мектеп әкімшілігі осындай құжат талап етуге құқылы ма? 24 сәуір 2014, 00:00 3 111 рет қаралды
Сұрақ-жауап Топтан шығара ма? - Менің кішкентай сәбиім дүниеге келгенде оған туабітті жұмсақ таңдай (врожденное мягкое нёбо) диагнозы қойылған болатын. 2010 жылы ота жасатқанға дейін балам мүгедек ретінде тіркелген болатын. Ал ота жасалған соң баланы мүгедектік топтан шығару керек дейді. Осы рас па? 10 сәуір 2014, 00:00 2 066 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ауыстыру қиындығы – Немере қызым №12 балабақшаға барады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде дайындық тобы жоқ және мектепке дайындалу үшін балалар балабақшадан кетіп, нөл сыныбында оқуды бастауы тиіс. Бірақ менің немеремнің денсаулығында кінәрат бар. Өткен жылы жүрегіне ота жасатқан еді. Оған әзірге мектеп режимі лайық емес. Осы негізде оны мектепке дайындайтын басқа балабақшаға ауыстыруға құқылымыз ба? 20 наурыз 2014, 00:00 2 328 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қатаң режимдегі балабақша – Мектепке дейінгі мекемемен жасалған келісімшарт бойынша біз баланы балабақшадан сағат 18.00-ге дейін алуға тиіспіз. Бірақ менің жұмыс уақытым сағат 18.00-де аяқталатын болғандықтан, үнемі тәрбиешілерден сөз естимін де жүремін. Келесіде кешіксем, олар баланы күзетшімен бірге далаға қалдырып кететінін айтады. Жолдағы кептелістерді ескерсек, мен 25-30 минут кешігіп барамын. Неліктен қалалық білім бөлімі жұмыс уақытының сол мезгілде аяқталатынын ескермейді? 20 наурыз 2014, 00:00 2 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап Газбен ойнама - Биылғы жылы аяз түскенде Атырау-2 ықшам ауданындағы газ қысымы кенет төмендеп кетті. Газ жанарғысындағы жалын көрінбейді. Үй іші салқын, кейбір бөлмелердегі температура 18 градусқа дейін түсіп кетті, балалар ауырып жатыр. Неліктен газ жоқ? 27 ақпан 2014, 00:00 2 004 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бекіткенімен, қызмет көрсетпейді – Біз бүкіл отбасымызбен Алмагүл ықшам ауданындағы №7 қалалық емханаға бекітілгенбіз. Мен №7 емхана қызметін пайдалану үшін мекенжайымыз бойынша тиесілі №2 емханадан есептен шығаратын талонды әдейілеп алдым. Қызым алты айлық. Педиатр дәрігер бірнеше мамандардан, соның ішінде хирургтан тексеруден өтуге кеңес берді. Емхананың тіркеу бөлімінде бізді маманның қабылдауына жазудан бас тартып, оныњ ақылы екенін – 1 200 теңге тұратынын мәлімдеді. Егер мен осы амбулаторияға тіркелген болсам және педиатрдың жолдамасы бар болса, неліктен дәрігердің тексеруі үшін төлеуім керек? 20 ақпан 2014, 00:00 1 797 рет қаралды
Сұрақ-жауап Айрықша режимдегі балабақша - Менің балам демікпе ауруымен ауырады. Жақында біз басқа қаладан жарты жылдық емдеу курсынан өтуіміз керек. Біз барып жүрген балабақшаның директоры баланың ұзақ мерзім бойы бақшаға келмеуі оны автоматты түрде орнынан айырады дейді. Бұл дұрыс па? 20 ақпан 2014, 00:00 1 730 рет қаралды
Сұрақ-жауап Маршрут тендерге байланысты -Мечников-Баймұханов көпірі арқылы Атырау ықшам ауданынан Балықшыға, қаланың орталығына қатынайтын автобус маршруттарын шығаруға болмай ма? 13 ақпан 2014, 00:00 1 853 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құжатты күтеміз - Жұмыскер поселкесінен Балықшы кентіне баратын көпірге жақын жерде орналасқан «Лидер» сауда маркеті тұсынан жаяу жүргіншілерге арналған жол қашан салынады? Бұл жер өте қауіпті. 6 ақпан 2014, 00:00 1 856 рет қаралды
Сұрақ-жауап Терминалдық кезең – Терминалдың жоқтығына немесе оның жұмысындағы ақауларға қатысты шағымдарды қайда айтуға балады? 6 ақпан 2014, 00:00 2 183 рет қаралды