Атырау, 26 желтоқсан 11:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әке капиталы

2 461 просмотра

– Күйеуім бірінші некедегі қызына алимент төлейді. Бұл сома оның жалақысының 25 пайызына тең. Қазір оның басқа отбасы бар, біздің баламыз өсіп келеді. Ол алиментті әрбір бала үшін 16,5 пайызға дейін - жалпы екі балаға 33 пайызға азайтуға құжаттарын бергісі келеді. Ол үшін не керек?

Телефон арқылы

– Бұрынғы күйеуім жұмыссыз. Біздің ортақ бір баламыз бар. 2014 жылы бір балаға жұмыссыз ата-анадан 27 160 теңге алимент тиесілі болды. Ол Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы бойынша есептелді. Биыл менің сот орындаушым жұмыссыз алимент төлеушілер үшін алимент есептеу жүйесі өзгергенін және 4 000-5 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін айтты. Мұндай өзгерістер қандай негізде орын алды?

www.azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Асұлан КӘРІМОВ жауап берді:

– Бірінші сұрақ бойынша. Егер борышкер бірінші некедегі баласын асырау үшін алимент төлесе, екінші отбасында баласын тәрбиелесе және алимент мөлшерін азайтқысы келсе, ол тиісті арызбен сотқа шағымдануға құқылы, өйткені, мұндай мәселелер сот тәртібімен шешіледі.

Екінші сұраққа келер болсақ, таяу уақытқа дейін жұмыссыз азаматтарға алимент сомасын есептеу үшін немесе олардың табысын немесе басқа кірісін растайтын құжаттар болмаған жағдайда төменгі айлық еңбекақы мөлшері қолданылатын. Мәселен, ол 18 660 теңгені құрады. Бір сәбиге алимент үшін 25 пайызды шегергенде, 4 715 теңгені құрады. 2014 жылдың 15 қаңтарында «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 169-бабының 3-тармағының бірінші азат жолында «төменгі мөлшер» сөзі «орташа мөлшер» деген сөзбен ауыстырылды. Тиісінше, жұмыссыз азаматтар үшін енгізілген өзгерістерден кейін бережақ өндіретін кездегі Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық еңбекақыдан алименттер бережағының сомасы есептеле бастады. Мәселен, 2014 жылы орташа айлық еңбекақы мөлшері 108 640 теңгені құрады. Алиментке осы соманың 25 пайызы – 27 160 теңге болады. Бұл есептеу сызбасы қазіргі уақытқа дейін қолданыста. Жағдайды анықтау үшін сот орындаушысына жүгінуге кеңес беремін.

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.