Атырау, 26 желтоқсан 12:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Қауіпсіздік үшін алты мың теңге

2 509 просмотра

– Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой.

Телефон арқылы

Сұраққа «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Ельдар ТАҒАШ жауап берді:

– Бөгде ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі қайта салынған таратушы газ құбырларын сынақ жүргізіп қосу қызметі, сонымен қатар газ есептеу аспаптарын пломбалау ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №03-11-06/9505 хатымен мақұлданған табиғи монополия саласындағы реттелетін қызметтерге технологиялық байланысты басқа қызмет түрлеріне жатады.

Қызмет құнына есептеу аспабын пломбалауға арналған пломбаны сатып алу, газды бастапқы жіберу және газдың ықтимал кетуін тексеру үшін газ плитасына техникалық сынақ жүргізіледі.

Барлық абоненттермен «Газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес негізгі қызмет көрсетуге жария шарт жасалады. Шарт мәтіні 2012 жылғы 20 қазандағы «Прикаспийская коммуна» газетінде екі тілде жарияланды. Басқа қызмет түрлеріне қызмет көрсетуге келісімшарт жасауға қатысты клиент өз қалауынша белгілі бір қызмет түріне шарт жасауды ұсынуға және оны берілген түбіртек бойынша төлеуге құқылы.

16 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.