Атырау, 25 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы

22 мамырда күндіз 102 пультіне ер адам қоңырау шалып, Жайықтағы көпірден секіріп өз-өзіне қол жұмсайтынын хабарлады. Полиция тексеріп, оның мас адамның қалжыңы екенін анықтады. Оның «авторына» - Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты - ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-тармағы (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 28 мамыр 2021, 16:06 3 846 рет қаралды
268 миллионға контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы Оқиға

268 миллионға контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы

Жақында Атырау соты Вадим КИМДІ 268 миллион теңге сомада импорттық темекінің ірі партиясын ұрлағаны үшін  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы бойынша (Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ осы үкімге дейінгі оқиғаларға қатысты жауаптан гөрі сұрақ көп. Толығырақ - «AЖ» материалында. Сурет 1 ақпан 2021, 13:40 3 230 рет қаралды
Доссор-Құлсары трассасында болған көлік апатында бір адам қаза болды Оқиға

Доссор-Құлсары трассасында болған көлік апатында бір адам қаза болды

Доссор-Құлсары трассасының 97-ші шақырымында кісі өлімімен аяқталған көлік апаты болды: 42 жастағы Өзбекстан азаматы жүргізіп келе жатқан Largus көлігі рөлінде отандасы отырған тағы бір Largus көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы - 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы көз жұмды. 10 қараша 2018, 12:26 3 508 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Ақтөбе облысындағы автобуста 52 адам өртенген қайғылы оқиғадан кейін ел бойынша жедел-алдын алу шаралары алынуда. Алғашқы күні-ақ, Атырау облысында автобус жүргізушілеріне қатысты 105 хаттама толтырылды, соның ішінде, көлік рөлінде телефон арқылы сөйлескен 15, жылдамдықты арттырған 9 жағдай тіркелді. 25 қаңтар 2018, 00:00 3 086 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауға астрахандық көлік полицейлері келді. РФ ІІМ Астрахан желілік бөлімі бастығының орынбасары Илья Краснов атап өткендей, жыл басынан бері Ресей аумағына Қазақстаннан 2 мыңнан астам жүк пойыздары келген. ҚР аумағына тасымалданатын жүктердің ұрлану оқиғасы орын алмаған. 16 қараша 2017, 00:00 2 714 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

29 қазан күні кешкісін Атырау-Доссор тас жолының Контейнерный ықшамауданы тұсында Геолог поселкесінің 70 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан Өзбекстан азаматын қағып кетті. Жүргінші сол жерде қаза болды. Тергеу жүруде. Бейнежазба 2 қараша 2017, 00:00 4 021 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 19 жастағы жігіт жүгінді: 13 ақпанға қараған түні «Алмагүл» қонақ үйінің жанына қойылған оның «Лада» ВАЗ-2114 көлігін Атырау тұрғыны - 20 жастағы қыз ұрлап айдап кеткен. Көлік кешікпей табылды, алайда, жігіт арызын қайта алудан бас тартты. ҚР ҚК-нің 200-бабы («Айдап кету») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлікті айдап кеткен қыз басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 16 ақпан 2017, 00:00 2 149 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 4 тамыз 2016, 00:00 2 573 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Сәуірдің аяғында қала маңындағы Ақжар поселкесінің 35 жастағы тұрғынының үйінің жанында тұрған КАМАЗ-дың екі аккумуляторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 20 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Заттай айғақтар алынды. 19 мамыр 2016, 00:00 2 588 рет қаралды
​Қылмыстар хроникасы Оқиға

​Қылмыстар хроникасы

Ақпанның 3-інде Әуезов көшесінің бойындағы көлікжайдан төрт жазғы көлік доңғалағының тысын ұрлады деген күдікпен СМП-163 ықшамауданында тұратын 25 жастағы ер адам ұсталды.Полицияға 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 17 ақпанда Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу өзіне тиесілі «Тойота» көлігін теуіп, есігін бүлдірген. 25 ақпан 2016, 00:00 3 175 рет қаралды
​Әйелді өлімші етіп сабаған доссорлық 12 жылға сотталды Оқиға

​Әйелді өлімші етіп сабаған доссорлық 12 жылға сотталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Доссор поселкесінің тұрғынын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-тармағымен («Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату») 12 жылға соттауға үкім етті. 24 маусым 2015, 13:20 2 025 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Наурыздың 19-да кешкісін Сәтпаев даңғылының бойындағы түнгі клубтардың біріне келушілерді олардың таныстары алдап соққан.   Наурыздың 21-іне қараған түні Балықшы округіндегі поселкелердің бірінде «Батыс» полиция жасағы азық-түлік дүкенінен ұрлық жасамақ болған екі ұрыны ұстады. 2 сәуір 2015, 00:00 3 274 рет қаралды
Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Шілденің 9-ы Жылыой ауданындағы Құлсары-Сарықамыс тас жолының 60-шақырымында «Лада-Приораның» жүргізушісі 23 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны үлкен жылдамдықпен жүріп бара жатқан көлігін басқара алмай қалып, аударылып қалды. 17 шілде 2014, 00:00 1 688 рет қаралды
Алты жолаушының төртеуі қаза болды Оқиға

Алты жолаушының төртеуі қаза болды

15 шілдеде ажалға себепші болған екі ЖКО болды. Атырау-Доссор трассасының 34-шақырымында Mercedes-Benz Vito көлігін жүргізіп келе жатқан 33 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны рульге ие бола алмай, микроавтобусқа соғып, аударып тастады. 16 шілде 2014, 12:40 2 485 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Маусымның 23-нде кешкісін «Насиха» пассажындағы сәнді киім-кешектер бутигінен 16 мың теңгенің заттары ұрланды. Полиция 18 маусымда үйінен шығып, 23 маусымға дейін хабарсыз кеткен 31 жастағы ер адамды отбасына аман-сау қайтарды. 26 маусым 2014, 00:00 2 866 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

«Бекіре-2014» операциясы басталғалы полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 17 тонна балықты тәркілеп алды. Соның ішінде 300 келідей бекіре тұқымдас балықтар, 9 келі қара уылды-рық, 92 жүзу құралы, 311 ау құралы бар. 30 қылмыстық іс қозғалды. 8 мамыр 2014, 00:00 2 540 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Наурыздың 29-ына қараған түні Құлсары қаласының 5-ауылындағы №90 жеке үйден өрт шыққан. Өрт бір сағат жарым уақыттан кейін сөндірілді. Сәуірдің 1-де күндіз Атырау-Астрахан тас жолында жол-патруль қызметінің қызметкерлері «Тойота-Камри» көлігін тексеру кезінде салоннан 80 киік мүйізін тауып алған. 3 сәуір 2014, 00:00 2 910 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Желтоқсанның 4-де кешкісін Привокзальныйда белгісіз біреу Оралдан келген 47 жастағы адамның сөмкесін тартып алды. Желтоқсанның 5-іне қараған түні Әуезов көшесіндегі супермаркетте 22 жастағы жігіт қырынуға арналған «Джилет» станогын қойнына тығып алып кетуге тырысқан. 12 желтоқсан 2013, 00:00 3 140 рет қаралды