
Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылында шекарашылар Ресейге кетіп бара жатқан «Лада» ВАЗ-2108 көлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 108 дана киік мүйізін тапқан. Сүйіндік ауылының 34 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы - 37 жастағы РФ азаматы ұсталды.
***
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері Мақат ауданынан – Мақат пен Доссордан екі астыртын букмекерлік кеңселерді анықтады. Олардың «айлакер» қожайыны біреу екен: ол «Азық-түліктер» деген маңдайшамен дүкендер ашқан, ал іс жүзінде персонал ол жерде букмекерлікпен айналысқан. Лотереялық терминалдар мен басқа жабдықтар тәркіленді, ұйымдастырушыға қатысты ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
***
Атырау қ. ІІБ-не 26 жастағы кәсіпкер шағымданды: 29 мамырда оның ойын клубына 32 жастағы ер адам келіп, оның Sony PlayStation ойын приставкасын алып кеткен. Сөйтіп, 206 мың теңге зиян тигізді. ҚР ҚК-нің 389-бабы («Өзінше билік ету») бойынша тергеу жүргізілуде.
***
Жұмыскердің 53 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды: 28 мамырда ауызашар кезінде асүйдегі терезе арқылы белгісіз ер адам үйіне түсіп, 26 мың теңгесін, әйелінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жалпы зиян 106 мың теңгені құрады. Үйден күдіктінің саусақ таңбалары мен аяқ киімінің іздері табылды. Кешікпей күдікті де ұсталды, ол қала маңындағы Ракуша ауылының 17 жастағы тұрғыны болып шықты.
***
Қалалық №1 полиция бөліміне 33 жастағы Доссор тұрғыны хабарласты: өткен жылдың тамызында ол 34 жастағы Атырау тұрғынына құрылыс материалдарын алу үшін 110 мың теңге берген, ал әлгі адам ақшамен бірге ғайып болыпты. ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
***
Қалалық №2 полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны 52 жастағы Жылыой ауданы Жаңақаратон поселкесінің тұрғынына қатысты шағым түсірді. Оның айтуынша, бұл адам 27 мамырда Баймұханов көшесінің бойындағы оған тиесілі көлік жөндеу орынжайына кіріп, үстелде тұрған қысқышты қолды қылған. Зиян сомасы 50 мың теңгені құрады.
***
Қалалық №2 полиция бөліміне Мирас ықшамауданының 47 жастағы тұрғыны шағымданды: 27 және 29 мамыр аралығында белгісіз біреулер терезені ығыстырып шығарып, үйіне түсіп, Sony теледидары мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Зиян сомасы 280 мың теңгені құрады. Оқиға орнынан Аяк есімді із кесуші ит ізге түсіп, бірақ үйден 1 200 метр қашықтықта ізді жоғалтып алды. Шамасы, ұры сол жерде күтіп тұрған көлікке мініп кеткен болуы керек.
***
Махамбет поселкесінің 32 жастағы тұрғыны 9 жасар баласымен бірге облыстық ауруханаға жүгінді. Екеуін отағасының соққыға жыққаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
В Атырау +3