Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 756 просмотра

Наурыздың 29-ына қараған түні Құлсары қаласының 5-ауылындағы №90 жеке үйден өрт шыққан. Өрт бір сағат жарым уақыттан кейін сөндірілді. Күл орнынан 56 жастағы ер адамның мүрдесі табылған.

***

 

Сәуірдің 1-де күндіз Атырау-Астрахан тас жолында жол-патруль қызметінің қызметкерлері «Тойота-Камри» көлігін тексеру кезінде салоннан 80 киік мүйізін тауып алған. Жүргізуші – 36 жастағы Тараз тұрғыны. Атырау қалалық ІІБ тексеру жүргізуде.

***

 

Сәуірдің 1-іне қараған түні Құрманғазы ауданында қазақстандық-ресейлік шекарада полицейлер «Авалон» көлігін тоқтатқан. Оның салонында 6 центнер қара балық болыпты. Жүргізуші – Атырау қаласының 38 жастағы тұрғыны.

***

 

Сәуірдің 1-де Доссор-Мақат тас жолында Мақат поселкесінен 4 шақырым қашықтықта «Лада-Гранта» көлігі аударылған. Түрлі жарақат алған 28 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілді.

***

 

Сәуірдің 1-іне қараған түні Геолог-2 поселкесінің 23 жастағы тұрғыны бірнеше сағат бұрын белгісіз біреулердің үй жанына қойылған КамАЗ-дың аккумуляторын қолды қылғанын полицияға хабарлады. Осындай шағым көрші Мирас поселкесінің 19 жастағы тұрғынынан түсті. «Ізі суымай», аккумуляторларды ұрлады деген күдікпен Атырау қаласының 20 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.