Атырау, 5 желтоқсан 09:38
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алты жолаушының төртеуі қаза болды

2 479 рет қаралды

15 шілдеде ажалға себепші болған екі ЖКО болды.

Атырау-Доссор трассасының 34-шақырымында Mercedes-Benz Vito көлігін жүргізіп келе жатқан 33 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны рульге ие бола алмай, микроавтобусқа соғып, аударып тастады. Салонда алты жолаушы болған, алдын ала деректер бойынша, барлығы – Павлодар қаласының тұрғындары. Олардың 1974, 1984 және 1962 ж.т. үшеуі оқиға орнында қаза болды. 1979, 1986 және 1993 ж.т. тағы үшеуі, сондай-ақ жүргізуші түрлі жарақаттармен Доссор ауылындағы ауруханаға түсті. Кейінірек зардап шегушілердің біреуі көз жұмды.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ҚР ҚК-ның 296-бабы 3-тармағы («Екі және одан да көп адамның өлімін әкелген жол қозғалыс және көлік құралдарын қолдану ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екінші ажалды ЖКО Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында болды. 26 жастағы ауыл тұрғыны жолға жүгіріп шыққан екі жасар баланы қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК-ның 296-бабы 2-тармағы («Адам өліміне әкелген жол қозғалыс және көлік құралдарын қолдану ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 шілде 2014, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.