Атырау, 5 мамыр 07:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қылмыстық хроника

2 347 просмотра

«Бекіре-2014» операциясы басталғалы полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 17 тонна балықты тәркілеп алды. Соның ішінде 300 келідей бекіре тұқымдас балықтар, 9 келі қара уылды-рық, 92 жүзу құралы, 311 ау құралы бар. 30 қылмыстық іс қозғалды.

*             *            *


Атырау-Доссор тас жолында 30 сәуірде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Нива» көлігін тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбапты. Терезеден 47 келі бекіре еті салынған қапшықты лақтырып, көзден таса болуға әрекеттенген. Алайда ол ұсталды. 27 жастағы исатайлық жүргізушіге қатысты тексеру басталды.

*             *            *


Мамырдың 1-і күні тал түсте «Насиха» базарының маңында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырық салынған жарты литрлік 4 банкасы бар пакет ұстаған Лесхоз ықшамауданының 55 жастағы тұрғынын ұстады. Уылдырық тәркіленді. Әйел басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

*             *            *

Мамырдың 3-іне қараған түні белгісіз біреулер Азаттық көшесінің бойындағы азық-түлік дүңгіршегіне кіріп, 100 мың теңге тұратын азық-түлікті ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

*             *            *

Атырау қаласының тұрғыны 13-27 сәуір аралығында 22 жастағы үй қызметшісінің үйінен 140 мың теңгенің заттарын алып кеткенін полицияға хабарлады.

*             *            *


Атырау қаласының тұрғыны 4 мамырда оның 37 жастағы танысы үй ауласында тұрған құны 40 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кеткенін полицияға хабарлады.

*             *            *

Мамырдың 4-і күні кешкісін Томарлы селосында бортты «Газель» тоқтатылды. Ішінен жалпы салмағы 679 келі болатын балық салынған 10 қапшық табылды. Балық Махамбет ауданы Бейбарыс селосының жолаушысына тиесілі екен.

*             *            *


Криминалды полиция 13 сәуірде Авангард 3-ші ықшам аудандағы үйлердің бірінің шатырынан ұзындығы жүз метрдей болатын телефон сымын ұрлады деп күдіктелген тұлғаны ұстады.

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.