Атырау, 5 мамыр 20:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 958 просмотра

Желтоқсанның 4-де кешкісін Привокзальныйда белгісіз біреу Оралдан келген 47 жастағы адамның сөмкесін тартып алды. Зиян мөлшері 93 мың теңгені құраған. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, іздеу жүргізілуде.

***

Полицияға 19 және 27 жастағы екі қыз бала шағымданды: 5 желтоқсанға қараған түні оларды екі жігіт зорламақ болыпты. Доссор поселкесінің 22 және 23 жастағы тұрғындарына іздеу жарияланды.

***

Желтоқсанның 5-іне қараған түні Әуезов көшесіндегі супермаркетте 22 жастағы жігіт қырынуға арналған «Джилет» станогын қойнына тығып алып кетуге тырысқан. Оны күзетші ұстап алып, патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырды.

***

Желтоқсанның 5-інде күндіз Алмагүл ықшамауданында су полициясының қызметкерлері 26 жастағы Дамбы тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен 18 келі бекіре еті табылды. Тексеру жүргізілуде.

***

Желтоқсанның 5-іне қараған түні Атырау-Астрахань тас жолында Жаңаталап селосының маңында Исатай АІІБ-нің қызметкерлері «Приора» көлігін тоқтатқан. Салон ішінен жалпы салмағы 20 келі болатын 5 қортпа балығын тауыпты.

***

Желтоқсанның 6-ына қараған түні СМП-163 ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерде Привокзальныйдың 29 жастағы тұрғыны 28 жастағы пәтер қожайынын соққыға жығып, құлағына шанышқы түйреген. Күдікті іздестірілуде.

***

Полицияға 36 жастағы қала тұрғыны шағымданды: ақпан айында 32 жастағы Авангард тұрғыны сеніміне кіріп алып, одан 270 мың теңге алған. Енді оны қайтаруды ойламайды да екен. Алаяқтық жасаған күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Желтоқсанның 6-ына қараған түні Құлсарыда 21 жастағы жергілікті тұрғын көршісінің «Шкода-Фабия» көлігін ұрлап айдап кеткен. Достарымен көлікке мінген ол көлік жөндеу орталығының дуалына кіріп кетіпті. Жолаушы орындығында отырған 20 жастағы жігіт алған зақым салдарынан ауруханада көз жұмды.

***

Желтоқсанның 6-ына қараған түні Құрманғазы ауданының Сүйіндік селосында 45 жастағы әйел адам құдыққа құлап, батып кеткен.

***

Желтоқсанның 7-іне қараған түні АМУ алаңында жол-патрульдік қызметтің қызметкерлері күмәнді «Шевроле-Круз» көлігін байқап қалады. Полицейлердің тоқтау талабына жүргізуші жылдамдықты арттыра түскен. Абай көшесінде Драма театр маңында көлік шам бағанына соғылады. Рөлде мас күйде Батыс Қазақстанның 35 жастағы тұрғыны отырған екен. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 467-бабы (мас күйде көлік құралын жүргізу), 471-бабы (полиция қызметкерінің талабын орындамау) және 330-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша іс өндірісі қозғалды.

 

 

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.