Атырау, 13 мамыр 08:02
 ашықВ Атырау +28
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

​Әйелді өлімші етіп сабаған доссорлық 12 жылға сотталды

1 972 просмотра

Image 0Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Доссор поселкесінің тұрғынын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-тармағымен («Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату») 12 жылға соттауға үкім етті.

Осы жылдың 17 ақпаны күні Доссор поселкесіндегі үйлердің бірінде 51 жастағы әйел адамның мүрдесі табылған болатын. Мақат ауданының прокуроры А.ТАЙТУЛЛИННІҢ айтуынша, полиция көп кешікпей күдікті ретінде Доссор поселкесінің тұрғынын ұстаған. Оның мас күйінде бұл әйелдің үйіне барып, ұрыс-керіс барысында оны өлімші етіп сабаған. Сотта оның кінәсі толық дәлелденді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 маусым 2015, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.