Атырау, 4 мамыр 15:44
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Даладағы қуғын

3 450 просмотра

27 қарашада Жылыой ауданында барымташылар қолға түсті.

Таңда Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының Жылыой ауданы Комсомол ауылының тұсында жол патрульдік қызметінің қызметкерлері аудан орталығына қарай шамдарын жақпастан, қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан ВАЗ-2106 автокөлігін тоқтатпақ болады. Жүргізуші полейцейлердің тоқтатуына назар аудармастан, сытылып кету үшін көлігін жолсызға қарай бұрады. Сақшылар соңынан қуа жөнеледі. Олар алдымен дауыс ұлғайтқыш арқылы тоқтамаса, табельдік қаруларын қолданатынын айтып, аспанға екі ескерту оғын атады.

Осыдан кейін ғана «жигули» жүргізушісі моторын сөндірді.

Автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан бөлшектелген сиыр еті мен басы табылды. Көлікте құлсарылық 57 жасар жүргізушімен қатар 29 жасар Мақат ауданының тұрғыны мен 25 жасар Құлсары қаласының тұрғыны болды. Олар сиырды далалықта сойып алғандары жөнінде мойындап, айғақ берді. ҚР ҚК-ның 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Жылыой АІІБ жүргізіп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қараша 2013, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.