Атырау, 5 мамыр 12:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Доссор-Құлсары трассасында ажал құшты

2 938 просмотра

Қарашаның 15-і күні Доссор-Құлсары тас жолының 54 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды.

28 жастағы Атырау қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Мерседес» минивэні жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Өзбекстанның азаматы жүргізіп келе жатқан «Лада Ларгус» автокөлігімен қарама-қарсы соқтығысқан. ЖКО оқиғасы салдарынан минивэннің салонында болған 21 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмған.

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Мақсат ШАРИПОВТЫҢ айтуынша, болмашы дене жарақатын алған басқа жолаушылар мен жүргізушілер ауруханаға барудан бас тартқан. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағымен («Автомобильдi басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті») қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қараша 2016, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.