Атырау, 7 қазан 01:32
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Шекарадан заңсыз мұнай тиелген автокеруен ұсталды

1 498 просмотра

Image 0«Рубеж» бекетінде полиция қызметкерлері Қазақстан-Ресей шекарасын бұзып өтпек болған 72 тонна мұнай тиеген «Mercedes» маркалы үш автоцистернаны құрықтады.

Көлікті Ресей азаматтары жүргізген. Жүктерінің заңдылығын растайтын құжаттары болмаған,- деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жүктің иесі Атырауда тұратын бір ЖШС-тің директоры екен. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Бұл оқиғаның алдында ҰҚКБ қызметкерлері Атырау – Доссор трассасында Орал қаласының тұрғыны жүргізген тіркемелі Freightliner маркалы ауыр жүк көлігін тоқтатты. Ол пластик ыдыстарға құйылған, құжаттары жоқ 26 тонна дизель отынын алып бара жатыр екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 шілде 2015, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.