Атырау, 18 мамыр 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жалған құжат жасаған сақшылар

2 621 просмотра

Мақат АІІБ тергеушісі А. А. мен аға жедел уәкіл Н. С. қылмыстық іс материалдарын жалған жасағаны және лауазымдық құзіреттіліктерін теріс пайдаланғандары үшін кінәлі деп танылды.

2014 жылғы 24 қаңтарда Доссор ауылында белгісіз тұлға азық-түлік дүкенін тонауға әрекет жасайды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдік бір М. деген азаматқа түсті.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл істі жүргізген Мақат АІІБ тергеушісі мен аға жедел уәкілі күдікті М. тергеу кезінде өз кінәсін мойындап, дүкен иесінен кешірім сұрады деп жалған хаттама толтырған. Қылмыстық іс жабылды. Біраз уақыттан кейін қадағалаушы органдар материалдардан көптеген бұзушылықтарды анықтады. Кейін анықталғандай, күдікті М. дүкен тонау әрекеті және оның иесі жөнінде ештеңе білмейді екен. Нәтижесінде күдіктілердің орнында полейцейлердің өзі отырды.

Мақат аудандық соты Мақат АІІБ тергеушісін ҚР ҚК 348-бабы («Дәлелдемелер мен шұғыл-іздестіру материалдарын жалған жасау») және 307-бабы («Лауазымдық құзіреттілігін теріс пайдалану») бойынша кінәлі деп тауып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Аға жедел уәкілді сот ҚР ҚК-нің 348-бабы бойынша кінәлі деп, бір жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және жария қылған күннен он бес тәулік ішінде жоғары инстанцияларға шағымдануға болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 шілде 2014, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.