Атырау, 17 қаңтар 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Түнгі «қонақ»

2 853 рет қаралды

2 қаңтар күні Доссор поселкесінде екі жасөспірімді соққыға жықты деген күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. 

Оқиға болған түні күдікті үйге пластик терезеден кіріп, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан15 жастағы Байкен мен 17 жастағы Райгүл НЫҒЫМЕТОВТЕРДІ себепсізден-себепсіз ұрып соққан. Апалы-інілілер бастарынан темір тұрбамен соққы алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір белгілісі, Байкеннің денсаулық жағдайы қалыпты күйге түсіп келеді.

- Осы іс бойынша ҚР ҚК 145-бабы 2 бөлімінің («Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу») және 103-бабы 2-бөлімінің «а, в, г, д» тармақтарымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі айға тергеу изоляторына қамалды. Күдікті бұдан бұрын тонау бойынша 15 жылға сотталып келген болатын, -дейдіМақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ.

Тергеу жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.