Атырау, 14 қаңтар 02:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

"Көлеңкелі" отын

2 086 рет қаралды

12 сәуірде Мақат - Доссор трассасында ІІД ҰҚКБ қызметкерлері Мақат АІІБ қызметкерлерімен бірге КамАЗ көлігін тексеру кезінде цистерналардан ілеспе құжаттарсыз 9,4 тонна дизель отыны мен 7 тонна АИ-80 бензинін анықтады.

Маңғыстау облысының 62 жастағы жүргізушісінің айтуынша, ол мұнай өнімдерін Ақтаудан сатып алып, Оралға сатуға апара жатқан.

Келесі күні Орал трассасында «ГАЗ-3308» көлігін тексеру кезінде ҰҚКБ мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ілеспе құжаттары жоқ 1800 литр болатын дизель отыны құйылған 2 ыдысты анықтады.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, екі фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 197-бабы ("Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін айналдыру")бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 сәуір 2016, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.