Атырау, 9 ақпан 16:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Ажалды апат үкімі – 7 жыл

2 305 рет қаралды

Image 0Алты адамның өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасына («Жылыой ауданында орын алған ЖКО-да Өзбекстанның алты азаматы қаза тапты») кінәлі жүргізуші 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жылыой аудандық сотының А.НҰРҒОЖИЕВҚА қатысты үкімі жарияланды.

«2015 жылдың 19 мамырында Доссор-Бейнеу тас жолында «КамАЗ-5511» маркалы көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші А.Нұрғожиев алдында кетіп бара жатқан көлікті басып озып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада-Ларгус» маркалы көлігіне соқтығысқан», - делінген баспасөз хабарламасында. Апат салдарынан «Лада-Ларгустағы» алты адам қаза болды. Тек ауыр жарақат алған бір жолаушы ғана тірі қалды. Сот жеңілдететін мән-жайды және сотталушының өкінішін ескеріп, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, бар болғаны 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 тамыз 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.