Атырау, 5 қазан 00:22
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әйелді ұрып өлтірді

2 625 просмотра

17 ақпан күні Доссор поселкесінде 52 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды.     

- Полицияның жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Доссор поселкесінің 1978 жылғы тұрғыны Т. К. күдікті ретінде ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ. - Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Ол әйелдің үйіне мас күйінде келген, марқұм оны үйден шығуын талап еткен. Осы кезде екеуі сөзге келіп, бұған шыдамаған күдікті оны сол жерде бас-көзге қарамай соққының астына алған. Ауыр соққыдан әйел жан тапсырған.

Бүгінде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағы бойынша («Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне соқтыру») қылмыстық іс көтеріліп, тексерілуде.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан 2015, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.