Атырау, 21 сәуір 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Жол-көлік оқиғасында төрт жігіттің екеуі көз жұмды

4 120 рет қаралды

25 наурыз күні Ақтау-Доссор тас жолында жол-көлік оқиғасында екі адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Жылыой ауданына қарасты майкөмген ауылынан ұзай бергенде орын алған. «Тойота-Прадо» маркалы автокөлігі жол жиегінен шығып кетіп, аударылған. 26 және 25 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісі - Маңғыстау облысының 26 жастағы тұрғыны мен тағы бір 25 жастағы жолаушы жігіт Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.   

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢайтуынша, жол-көлік оқиғасының орын алуына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болған.

Тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 наурыз 2015, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.