Атырау, 21 желтоқсан 11:55
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Әсияның тізімі Қоғам

Әсияның тізімі

Едені сықырлаған, ескі жиһазбен жабдықталған кішкентай кабинеттен бидай шүберек пен шаңның иісі шығады. Есікті имене қағып, өңі құп-қу жас әйел мен жеті жастар шамасындағы кішкентай қыз кірді. Әйел өзін таныстырып, «біз сияқтыларға көмектесіз бе?» деді. Олар тізімге алпыс бірінші болып енді. Сурет Бейнежазба 16 қаңтар 2018, 14:28 5 520 рет қаралды
Балабақша кезегінде Басқа жаңалықтар

Балабақша кезегінде

Жақында ХҚКО­-ға барып, бір айлық баламды балабақшаға кезекке қойған едім. Менің алдымда 24 мың 712 адам болды. Жыл сайын бірнеше мың бала мектеп табалдырығын аттап, орын босататыны түсінікті. Дегенмен, қара ақылға салсақ, үш жылда кезек келіп үлгермейтіндей көрінеді. Бұл солай ма?  14 қаңтар 2018, 19:17 10 457 рет қаралды
2017 жылы «Ақ Жайық»  не туралы жазды Басқа жаңалықтар

2017 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды

Қаңтар. Еркінқалада қаңғыбас иттер 7 жасар баланы талап тастады, дәрігерлер оның өмірін аса қиындықпен аман алып қалды. Қала маңындағы елді мекендердің бірінде жүз елуден астам бұралқы иттер жойылды. Уақытша тіркеу енгізілгеннен кейін  Атыраудағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында басқа өңірлерден келген отандастарымыз «қаптап» кетті. «Жер митингілері туралы іс»: облыстық сот алқасы азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты апелляцияны қарап шығып, әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ауғанстанда полиция облыс орталығында 2011 жылдың 31 қазанында теракт ұйымдастырған Атырау тумасы Дамир Зналиевті тұтқындады. Облыстық прокуратура ғимаратының алдында облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадьярова өзін-өзі өртеді (өрт сөндіргішпен жүгіре шыққан көрші кеңседе жұмыс жасайтын ер адам оның өмірін құтқарып қалды). Бұл пара алды деп өзіне тағылған жалған айыпқа қарсы наразылығы болатын. 10 күннен кейін сот оны 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.  28 желтоқсан 2017, 00:00 3 012 рет қаралды
Мектеп тапсырмасы: 4 ауысыммен амалда Басқа жаңалықтар

Мектеп тапсырмасы: 4 ауысыммен амалда

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат УАИСОВ бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛЛИНГЕ көптеген мектептер мен балабақшалардың лық толы екені туралы хат жолдады. 27 желтоқсан 2017, 12:28 3 196 рет қаралды
Мұнайшылардың жаңажылдық ертегісі Басқа жаңалықтар

Мұнайшылардың жаңажылдық ертегісі

«Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар мен емдеу мекемелеріндегі балалар  үшін дәстүрге айналған жаңажылдық мереке ұйымдастырды.  Сурет 27 желтоқсан 2017, 13:01 3 913 рет қаралды
«ҚазТрансОйлдағы» трансформация Басқа жаңалықтар

«ҚазТрансОйлдағы» трансформация

«АЖ» редакциясына бұдан бұрын мәлімделген «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Батыс филиалы таратыла бастады, Жилгородок көпірінің жанындағы оның «кітапша» деп аталатын зәулім кеңсесі қытайлықтарға сатылып кеткен, ал қызметкерлердің көпшілігі жұмыстан босатылыпты деген бейресми ақпарат келіп түсті. Компанияның орталық аппаратындағылар директордың трансформация жөніндегі орынбасары Орал ЫДЫРЫСОВТЫҢ Атырауға ұшып баратынын және міндетті түрде «АЖ» тілшісімен кездесетінін хабарлады. 6 желтоқсан 2017, 12:12 3 336 рет қаралды
Тағы да ақша жинау туралы Басқа жаңалықтар

Тағы да ақша жинау туралы

Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінетін ақша көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр жергілікті бюджеттен 89,5 млн теңге бөлінсе, биыл 251,5 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА брифингте хабарлады. 28 қараша 2017, 17:14 4 562 рет қаралды
«Мектептің тарапынан ақша жинауға ешқандай тапсырмалар берілмейді» Басқа жаңалықтар

«Мектептің тарапынан ақша жинауға ешқандай тапсырмалар берілмейді»

Бүгінде Атырау қаласындағы 57 мектепте 58 837 оқушы білім алып келеді. Жазда қалалық бюджеттен бөлінген 67 млн 600 мың теңгеге мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 36 млн теңгеге 6 мектеп (53 мектепке 2016 жылы қондырылған) пен 15 балабақшаға бейнебақылау камералары.  Тоғыз мектепке (№5, №6, №25, №32, Еркінқала, Жамбыл,Т. Амандосов, Амангелді, Қ. Смағұлов) 120 млн 600 мың теңгеге автобустар сатып алынған көрінеді. Бұл цифрлар мен фактілер Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВАНЫҢ қатысуымен өткен брифингте айтылды. 17 қараша 2017, 16:15 4 177 рет қаралды
Ел игілігіне еңбек еткен Компания Басқа жаңалықтар

Ел игілігіне еңбек еткен Компания

Жер қойнауын игеруші компания ретінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы –   мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан отандық кәсіпорынның бірі. Компания жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттың талабына  сай, Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және қазақстандық мамандарды  оқыту  бағытындағы өз міндетін толықтай  орындап отыр. БАҚ өкілдері 2016-2017 жылдарда келісімшарт аясында атқарылған жұмыстармен танысып қайтты. Сурет 8 қараша 2017, 10:54 5 554 рет қаралды
Гимназиядан - мектепке Басқа жаңалықтар

Гимназиядан - мектепке

1993 жылы Индер ауданы Есбол ауылында Кулагино ұлттық гимназиясы ашылды. Көп үміт күтілген оқу орны өз мәртебесіне ақыры жете алмады. Басында оқушыларды іріктеу арқылы қабылдаған гимназияда кейін бәрін қатарынан қабылдайтын болды. Гимназия ашылған соң көп кешікпей материалдық-техникалық жарақтандыру тоқтатылып, кейін коммнуалдық мәселелер шыға бастады.   Сурет 6 қараша 2017, 11:08 5 101 рет қаралды
Кәсіпкерлерсіз кеңес, әкімсіз қалалық кеңес Басқа жаңалықтар

Кәсіпкерлерсіз кеңес, әкімсіз қалалық кеңес

Эскиздік жобаларды келістіру, жер телімдерінің мақсатты нысанасын өзгерту және сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мәселелері Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) кеңес отырысында талқыланды. 30 қазан 2017, 18:32 2 814 рет қаралды
Батпаққа тігілген жас отау Басқа жаңалықтар

Батпаққа тігілген жас отау

«Жыры бітпеген жатақхана» («Не хуже других-это как?») атты мақаламыз жарық көрген соң редакциямызға «Жас отау» бағдарламасымен салынған Нұрсая ықшам ауданындағы №14 көшенің №21 үйдің тұрғындары хабарласты. Тұрғындар қалалық әкімдік жаңа отауымызды балшықтың ортасына тігіп берді деп налиды. Сурет Бейнежазба 27 қазан 2017, 15:25 3 722 рет қаралды
Айдалада ақ отау Басқа жаңалықтар

Айдалада ақ отау

20 қазан күні Атырау облысының әкімдігінде жергілікті биліктің қала сыртындағы Талғайраң поселкесінің маңынан үлкен ықшамаудан салу жоспарына арналған үй салушы компаниялардың басшыларымен жиналыс өтті.  23 қазан 2017, 14:30 5 988 рет қаралды
Балалар екпесі Басқа жаңалықтар

Балалар екпесі

2017 жылдан бастап Атырау облысында 956 баланың ата-анасы вакцина ектіруден бас тартты. Мыңдаған ересек адамдарды жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығуға не мәжбүр етті? Бұл сұраққа педиатрлар да, ата-аналардың өздері де жауап беруге тырысты. 16 қазан 2017, 13:06 6 923 рет қаралды
Балалар ауылы Басқа жаңалықтар

Балалар ауылы

Атырау қаласындағы Геолог поселкесінде сонау 2001 жылы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылған еді. Біз «Шаңырақ» балалар аулының директоры Гүлсара БОТАТАЕВАМЕН кездесіп, балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы әңгімелескен болатынбыз. Сурет Бейнежазба 12 қазан 2017, 17:17 7 382 рет қаралды
Жылу қазандықтары маусымға дайын ба? Басқа жаңалықтар

Жылу қазандықтары маусымға дайын ба?

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі және Шымкент қаласындағы дербес қазандықтарда болған жарылыс оқиғаларынан кейін Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ осындай қондырғылар мен газбен жылытылатын жеке пештерді де тексеруге тапсырма берген болатын. Одан бері бірнеше ай өтті. Аудандардағы қазіргі жағдай қалай? 6 қазан 2017, 20:29 3 708 рет қаралды
Қартайғанда қарайтының болмаса... Басқа жаңалықтар

Қартайғанда қарайтының болмаса...

Қарттар күні мерекесі қарсаңында мен Атыраудағы қарттар үйіне бардым. 150 орынға арналған қарттар үйінде қазір 98 адам тұрып жатыр. Ғимаратқа екі жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген. Ішінде тағдыры ұқсас адамдардың өмірі қайнап жатыр. Онда біреулері теннис ойнап уақыт өткізсе, екіншісі шахмат ойнап, әжелер іс тігіп ермек етеді. Кітапхана ішінде де бос орын жоқ. Сурет Бейнежазба 4 қазан 2017, 15:45 4 549 рет қаралды
Бюджет қайта бөлінді Басқа жаңалықтар

Бюджет қайта бөлінді

28 қыркүйекте Атырау облысы мәслихатының 7-ші кезекті сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВ бюджеттің 3,5 млрд теңгеге асыра орындалғаны туралы хабарлады. Бұдан басқа, облыс әкімінің 1,1 млрд теңге сомада пайдаланылмаған резерві қалған және тағы 1,7 млрд теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Сурет 28 қыркүйек 2017, 23:17 4 428 рет қаралды
Қала келбеті: сырты бүтін, іші түтін Басқа жаңалықтар

Қала келбеті: сырты бүтін, іші түтін

Атыраудың орталық көшелерінде қыдырып жүріп, оның сәулеттік әдемілігіне қызығуға болады. Әп-әсем, «Мариотт» бар, ТШО-ның керемет кеңсесі, «Ардагер» тұрғын үй кешені, ақ-көкке боялған мешіт. Алайда үйлердің арасына бара қалсаңыз, сурет көз алдыңда өзгереді. Сурет 13 қыркүйек 2017, 18:04 6 035 рет қаралды
Аула сәулетшілері Басқа жаңалықтар

Аула сәулетшілері

Бір кездері Атырауға алғаш рет келген менің бір құрбым қаланың кеңдігіне қайран қалған еді. Өткен жылдар ішінде қала қатты өзгерді. Шамасы жиі ауысатын әкімдер мен бас сәулетшілер тұрғын үй массивтерінің құрылыс ережелеріне әу бастан көздерін жауып келгенге ұқсайды, өйткені, үйлердің ауласы мен балалар алаңы және көлік тұратын тұраққа орын қалмаған. Сурет 7 қыркүйек 2017, 17:24 3 723 рет қаралды
Алғашқы қоңырау немесе жаңа мектептер жаңа оқу жылына дайын ба? Басқа жаңалықтар

Алғашқы қоңырау немесе жаңа мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

2 қыркүйекте Атырау мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты шара өткізілді. «АЖ» тілшілері олардың үшеуіне – бір ескі мектепке және облыс шенеуніктері қатысқан екі жаңа мектептің шараларына қатысты. 3 қыркүйек 2017, 21:15 7 237 рет қаралды
«Оқушыны мектептен кетуге мәжбүрлеу – заңсыз» Басқа жаңалықтар

«Оқушыны мектептен кетуге мәжбүрлеу – заңсыз»

25 тамызда облыстық драма театрда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ, облыстық білім беру басқармасы басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ, Білім және ғылым министрлігінің, оқу орындарының өкілдері мен басшыларының қатысуымен педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. 27 тамыз 2017, 10:22 7 883 рет қаралды
Атырау әкімі жауап берді Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі жауап берді

Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВПЕН сұхбатымыз сырттай, виртуалды болса да, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Шындығында, бұл осыдан екі ай бұрын өзінің баспасөз қызметі арқылы журналистермен байланысуға ниет білдірген әкімнің өз идеясы болатын. 24 тамыз 2017, 00:00 5 079 рет қаралды
Қаладағы балабақшалар мен мектептер Басқа жаңалықтар

Қаладағы балабақшалар мен мектептер

Жаңа оқу жылында Атыраудағы білім беру саласын қаржыландыруға 20 млрд теңгедей сома бөлінеді. Бұл туралы Атырау әкімінің орынбасары Палымбет ХАСАНОВ тамыздағы қалалық мұғалімдер конференциясында хабарлады. 19 тамыз 2017, 23:54 3 140 рет қаралды
Көшеңізге жарық беріле ме? Басқа жаңалықтар

Көшеңізге жарық беріле ме?

Атырауда мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 39 көшеде «Атырау қаласында көше жарықтандыру және сервистік орталық құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясындағы өз баяндамасында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ хабарлады. 10 шілде 2017, 11:00 4 006 рет қаралды
ҰБТ, лагерьлер, балабақшалар, ЭКСПО және грант Басқа жаңалықтар

ҰБТ, лагерьлер, балабақшалар, ЭКСПО және грант

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарының нақты мерзімдерін атады: ҰБТ 21, 23 және 25 маусымда өтеді. 28 мамыр 2017, 15:07 5 367 рет қаралды
Қанша мектеп пен балабақша салынады? Басқа жаңалықтар

Қанша мектеп пен балабақша салынады?

Атырау облысында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында балабақшалар құрылысын бастауға әзір тұрған ірі компаниялар аз емес. Қазіргі кезде 20 нысанға жобалау-сметалық құжаттама дайын тұр, оған мемлекеттік сараптамада жасалуда. 2 мамыр 2017, 15:48 5 234 рет қаралды