Атырау, 27 қараша 03:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алғашқы қоңырау немесе жаңа мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

7 060 просмотра

2 қыркүйекте Атырау мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты шара өткізілді. «АЖ» тілшілері олардың үшеуіне – бір ескі мектепке және облыс шенеуніктері қатысқан екі жаңа мектептің шараларына қатысты.

ЕСКІ БІЛІМ ОРДАСЫ


№17 мектептің балалары, олардың ата-аналары мен педагогтары үшін бұл оқиғаның маңыздылығын айтып жату артық болар.  Біреулер үшін бұл мектеп қабырғасындағы соңғы жыл болса, енді бірі үшін жарасымды костюм киіп, гүлдер шоғын ұстап, алғашқы ұстазбен танысатын, сырға толы алғашқы жыл...

Атырауда биыл 66 мыңнан астам оқушы мектепке барады. 7 ауданды қосқанда, жалпы облыс бойынша 120 мыңнан астам оқушылар білім алмақ, бұл өткен жылға қарағанда 10 мыңға көп. 1 қыркүйекте өңірде 7 жаңа мектеп тапсырылды.


ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ


Нұрсая ықшамауданындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын  арнайы техникалық гимназияның жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ келді. Бұл кезді педагогтар мен оқушылар ұзақ күткен еді. Гимназияның ашылғанына 25 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт бойына ол бұрынғы балабақшаның бейімделген ғимаратында орналасқан болатын.

- Ғимарат 624 орындық, бұл жерде 2100 оқушы екі ауысыммен сабақ оқитын болады. 60 сынып бар, оның 35-і бастауыш сыныптар. Бұл көп, бірақ қазір бүкіл қала мектептерінде осындай жағдай. Биыл гимназия 364 бірінші сынып оқушыларын қабылдады, - деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВА.Ғимарат алаңы – 7 мың шаршы метр. Бұл жерде 31 оқу кабинеті бар, барлығы интерактивті тақталармен, компьютерлермен жарақталған.


ҰСТАЗДАРЫ ЖОҚ СЫНЫПТАР

Сол күні Нұрсая мөлтекауданында жаңадан қазақ тілінде оқытатын №37 орта мектеп ашылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ пен Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның Ноғаевтың қатысуымен өтетін ашылуына асыққан болуы керек, мұндағы салтанатты шара айтылған уақыттан 15 минут ерте басталды. Шенеуніктер мектепке 10 минутқа кіріп шыққаннан кейін ғана бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларын кіргізді. Осы кезде абыр-сабыр басталды.

Барлық қабатты аралап шыққан ата-аналар балаларын қай сынып бөлмесіне кіргізерлерін білмей даурықты. Тіпті ұстаздар оқушыларынан «шұбырмай» жүрулерін талап етіп жатса, кейбір ата-аналар оқушыларының құжаттарын қабылдайтын мектеп директорын таппай қалды. Су жаңа №37 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмаржан СЕРІКҚЫЗЫ өзінің оқу құжаттарын қабылдауға құқығы жоқ екенін айтып, біздің сұрақтарымызға «мектеп туралы ештеңе білмеймін» деп жауап қатты. Ал кейін мектеп директоры Айнагүл БУЛЕКБАЕВАНЫҢ №28 мектептің алғашқы қоңырауын соғуға кеткенін білдім. Ол сол мектептің директоры қызметін қоса атқаруда екен.

Сынып бөлмелерінің сыртына қағаз стикермен нешінші кабинет екені жазылып, құрылысшылар құрылысы бітпеген кабинеттің құрылысын аяқтауға асықты. Бір жарым сағаттан соң мектеп директоры Булекбаеваны орнынан тауып, сұхбаттасуға мүмкіншілік алдық. Ол барлық мәселелер таяу күндері шешілетініне сенімді.

- Сіз қазір №28 мектепте директор қызметін қоса атқарудасыз ба?

- Иә, ол мектепте 2 жылға жуық қызмет атқардым. Енді осы мектепті басқаратын боламын. Ал №28 мектептің уақытша директоры болып орынбасарым сайланды.

Мектепті қайтадан аралап көрген кезде оқулықтар ғана емес, парталар мен басқа да жабдықтар жетіспейтіні түсінікті болды.  Мұның бәрі уақытында болар. Ең бастысы, мұнда мұғалімдер жетіспейді. Ата-аналардың шағымынан шаршаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмаржан Серікқызы біреуге телефон арқылы: «Келмейтініңізді неге айтпайсыз? Сыныпты қабылдап алмайсыз ба?» деп ұрысып та қойды.   

Анастасия АЛЮШИНА, Зульфия ИСКАЛИЕВА, Фархат Әбілов

Суреттерді түсірген авторлар

3 қыркүйек 2017, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.