Атырау, 26 қараша 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қай мектеп автобуспен қамтылған?

3 788 просмотра


«АЖ»-ның қысқы кезең қарсаңында оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустар саны мен жағдайы туралы сұрақтарына облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жауап берді.

2017-2018 оқу жылында облыс бойынша 14 автобус, 10 Газель, 1 Уаз автокөлігі сатып алынған:

- Атырау қалалық білім бөліміне қарасты 9 мектепке (№№5, 6, 25, 32, Еркінқала, Жамбыл, Т. Амандосов, Қ. Смағұлов, Амангелді атындағы мектептерге) автобус;

- Индер ауданы бойынша Жамбыл және Махамбет атындағы орта мектепке 2 Газель;

- Исатай ауданы бойынша Ж. Мырзағалиев, Абай, Нарын орта мектептеріне Газель, Аққыстау, Новобогат және Исатай орта мектептеріне Уаз автокөліктері;

- Құрманғазы ауданы бойынша Әуезов, Крупская, Қиғаш, Манаев орта мектептеріне Газель;

- Қызылқоға ауданы бойынша Б.Аманшин атындағы орта мектепке Газель;

- Мақат ауданы бойынша М. Баймұханов орта мектебіне ПАЗ автобусы, Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешеніне, С. Шарипов мектеп-интернатына демеушілердің көмегімен 2 автобус берілді.

Жалпы мектебі жоқ 79 елдімекенде тұратын 4 837 оқушыны 52 автокөлік тасымалдаумен қамтамасыз етеді.

Барлық автокөліктер техникалық бақылаудан өткізілген, қосалқы бөлшектерін сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Алдағы қыс мезгілінде оқушыларды күнделікті тасымалмен қамту қатаң бақылауға алынған. Автокөлік бұзылған жағдайда оқушыларды тасымалдау үшін қосымша көліктер жалға алынады және білім бөлімдерінің балансындағы автокөліктер бөлінеді.

Автокөліктердің барлығы мектептердің балансына берілген. Оларды сатып алуға бюджеттен 259 млн-нан астам теңге бөлінген. Жүргізушілер жеткілікті, олардың айлық жалақылары еңбек өтіліне қарай 37-45 мың теңге аралығында.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 қазан 2017, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.