Атырау, 27 қараша 09:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тіркелу керек, әйтпесе емделу ақылы болады

4 549 просмотра

12 шілдеде облыс әкімінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАНЫҢ айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшу маңызды мәселе болып табылады.

Бүгінгі күні облыстың 16 мың тұрғыны емханаларға ерікті түрде тіркеліп, өздерінің емін әрі қарай қаржыландыру үшін мәртебелерін белгіледі. Зейнеткерлердің, жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі жасалуда. Ал кейбір азаматтар өздеріне медициналық сақтандыру қажет еместігін мәлімдеуде.  

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Олар қазір осылай айтып жатыр, ал Жаңа жылдан бастап медицина қызметінсіз қалған кезде шағымдана бастайды. Емханада тіркелу қажеттігін әр адамға жеткізу керек.

- Ал Грузияда мұндай жүйе қалай жолға қойылған? – деп әкім іссапардан келген М.Аймұрзиевадан сұрады.

- Ол жақтағы халық бақыттымыз дейді. Азаматтар үшін 70%-ын мемлекет, 30%-ын тұрғындардың өздері төлейді. Қаржыландыру көлемін округтер бойынша сақтандыру агенттері белгілейді. Тұрғындардың 100%-ы тіркелген.

Әкім Грузия алаң бойынша Атырау облысынан кіші екенін атап өтіп, қысқа мерзім ішінде медициналық сақтандыру үшін халықты тіркеу ұйымдастыру керектігін қайталады.

Кеңестен кейін біз денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне қоңырау шалып, келесі нәрселерді білдік. Облыстың кәмелетке толған тұрғындарының барлығы өз мәртебелерін мекен-жай бойынша емдеу мекемелерінде анықтауы тиіс. Атырауда бұл 8 емхана және қала маңындағы 3 амбулатория, 7 ауданда – аудандық аурухана базасындағы емханалар.


БАҚСЫҒА СОҢҒЫ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

- Құлсарыдағы жағдай туралы әңгімелесеңіз, - деп өтінді облыс әкімі.

- Құлсары қаласына Махамбет поселкесінен жас жүкті әйел барады. Ол әйел Құрманғазы ауданының тумасы. Оның қалқанша безі ауырады екен. Акушерге есепке кеш тұрған, дәрі-дәрмек ішпеген. Медқызметкерлер дәрі-дәрмек қабылдауын жалынып сұрап, тіпті, ата-анасынан оны көндіруді өтіну үшін Ганюшкинге барған. Бірақ нәтиже шықпайды. Содан кейін бұған дәрі-дәрмектерді ішуге тыйым салған құлсарылық бақсының себеп болғаны анықталды. Ол басқа әйелдердің де миын ашытып, құрсақ ішіндегі шарананың дұрыс емес жатқанын, оны өзінің «дұрыстайтынын», ал дәрі-дәрмектердің бұған кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, бастарын қатырған. Нәтижесінде ол әйел ертерек босанып қалып, шала сәби дүние келді, - деп әңгімеледі Аймұрзиева.

- Біз бұл бақсының балаларды да «емдейтінін» білген кезде, оған  барып, жүкті әйелдер мен балаларға жақындамаңыз деп ескерту жасадық. Оның лицензиясы да жоқ, - деді Жылыой аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара ТАҒАМБАЕВА.

ІІД бастығының орынбасары Бауыржан РАХМЕТОВТІҢ айтуынша, биылғы жылдың наурызында полицейлер Махамбет ауданында осыған ұқсас жағдаймен бетпе бет келген. Іс ҚР ҚК-нің 104-бабы («абайсызда қазаға ұшырату») бойынша тергелді: бақсы «емдеу сеансы» кезінде адамның аяғын сындырып тастап, ол адам жанына батқан аурудан көз жұмған.

Н. Ноғаев облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВҚА бүкіл «халық емшілеріне» тексеру жүргізу және осы саланы ретке келтіру туралы өтініш білдірді.


МЕДТЕ ОҚУДЫ ОБЛБЮДЖЕТ ТӨЛЕЙДІ

Аймұрзиева баяндамасын жалғастырды.

- Биыл облыс бойынша бір ана өлімі тіркелді, өткен жылы 5-еу болды. Кесарь тілігін жасау проблемалы мәселе болып отыр. Жыл басынан бері бұл операция бүкіл босанушы әйелдің әрбір бесіншісіне жасалды. Бұл әйел үшін өте қауіпті. Атырауда 25 жастағы босанушы әйел 5 шілдеде көз жұмды. Бұған дейін оған үш рет 2010, 2012 және 2014 жылдары кесарьмен ота жасалған. Бұл жолы ол дүниеге егіз әкеліп, өкінішке орай, өзі көз жұмды. Отаны тәжірибелі дәрігерлер жасады... Тексеру жүргізілуде.

Кеңес мүшелерінің бірінің сұрағына жауап бере отырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазір қалауы бойынша кесарь тілігін жасауға қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді. Енді ота медициналық көрсетілім бойынша жасалады.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ бір жасқа дейінгі балалар өлімінің азаю үрдісі бар екенін хабарлап, пайыздарды атай бастады. Алайда облыс әкімі нақты цифрларды атауды өтінді.

- 2016 жылдың 6 айы ішінде бір жасқа дейінгі 66 бала, ал 2017 жылы 6 ай ішінде 58 бала қайтыс болды, - деп нақтылады Айтмұхамбетов.

- Ал балалар өлімін жоқ қылуға бола ма? – деп сұрады Ноғаев.

Негізінен медиктерге лық толы зал іші алдымен гулеп кетті де, содан соң «жоқ, бұл мүмкін емес» десті.

Балалар өлімімен күресу тәсілдері ретінде Айтмұхамбетов патронаждық жұмысты жақсартуды, вакциналауды, жас дәрігерлерге тегін пәтерлер мен балабақшаларда орындар ұсынуды атады.

- Ал ауруханалардың материалдық базасын жақсартуды неге өтінбейсіздер? – деп сұрады Ноғаев.

- Материалдық база керемет. Бүкіл ауруларды емдеу үшін барлық жағдай бар. Медициналық жоғарғы оқу орындарының түлектері, негізінен, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыс жасауға келеді. Өткен жылы 5 жас маман бір бөлмелі пәтерлер алды. Егер дәрігерлердің әлеуметтік қорғау мәселелері шешілетін болса, қалған проблемалардың барлығын шешеміз, - деп мәлімдеді Айтмұхамбетов сеніммен.

Әкім:

- Президент жергілікті бюджет қаржысына медициналық кадрларды дайындауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Қазір ол үшін бюджеттік жіктеуішті анықтауда, таяу уақыта бәрі шешіледі. Өз ұсыныстарыңызды беріңіздер. Медицина мамандығы бойынша оқығысы келетіндер үшін облыстық бюджет оқу ақысын төлейтін болады.


ЖӘРДЕМАҚЫ - НЕСИЕЛЕРДІ ТӨЛЕУ ҮШІН ЕМЕС

Іле шала облыстық туберкулезбен қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Жаңабай САҒИЕВ сөйледі. Оның айтуынша, жарты жыл ішінде 217 науқас анықталды, оның 17-сі кәмелетке толмағандар.

- Ал сіздер туберкулезге шалдыққандардың азық-түлік үшін бюджеттен төленетін жәрдемақыларын қалай пайдаланатынын сұрадыңыздар ма? – деп сұрады әкім.

- Мәселе мынада, біз жәрдемақының мақсаты бойынша жұмсалуы керектігін ескертуге құқылымыз. Оларға бұл ақшаны құдалық пен несиелерге жұмсамаңыздар, одан да өздеріңіз дұрыс тамақтаныңыздар дейміз. Мәселен, Павлодарда басқаша жасайды: онда жәрдемақыны карточкаға аудармайды, азық-түлік түрінде кафе мен асханаларға бөлінеді.

Ж.Сағиевтың айтуынша, өте маңызды проблема облыс бойынша 229 бала ата-аналардың бас тартуы салдарынан БЦЖ екпесін алмады. Мәселен, Махамбет ауданының тұрғыны бірнеше жыл өзінің үш баласын екпе егуге бермеді. Нәтижесінде оның өзі мен балалары «Кох таяқшасымен» стационарға түсті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынды

13 шілде 2017, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.