Атырау, 27 қараша 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Медиация тәртібімен татуласу: ​оқуға төлейтін 217 мың теңге қарыз қалай қайтарылады

73 просмотра

Білім беру қызметін көрсеткені үшін оқу орны Б.-дан берешек сомасын өндіру туралы талап қойып, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Оқу орны мен жауапкер Б. арасында білім беру қызметін көрсету шарты жасақталып, жауапкер төлем міндеттемелерін орындамаған.

Татуластырушы-судья сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізіп, тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу тәсілдерін ұсынды. Нәтижесінде тараптар өзара татуласып, медиациялық келісімге келді. 

Соттың ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, тараптарға құқықтық салдары түсіндірілді. Жауапкер талап қоюшыға 217 000 теңгені ай сайын 31 000 теңгеден төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы талаптан бас тартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Бүгін, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.