Атырау, 1 қараша 21:18
 дождьВ Атырау +11.5
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Қазақстанның Марокко мен Кубадағы дипломатиялық өкілдігіне жаңа тағайындаулар

61 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа дипломатиялық тағайындаулар туралы жарлықтарға қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес, Даненова Айнұр Нұрланқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Тағы бір жарлықпен Исабеков Олжас Азильевич Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Президент Елемесов Андриан Копмағамбетұлын Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты.

Кеше, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.