Атырау, 27 қараша 14:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балабақша: енді кезек үшін төбелеспейді

2 542 просмотра

Облыс орталығы мен іргелес ауылдық округтердегі балабақшаларға жолдама алу кезегінде 6 жасқа дейінгі 20 846 бала тұр. Биылғы маусымда көптен күткен жолдаманы 4 мыңдай бала ала алады.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі маманы Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА хабарлады. Қаладағы балабақшаларға жолдама беру 22 мамырда басталды, қалалық білім бөлімінде ілініп тұрған ақпараттық параққа сүйенсек, ол 19 маусымға дейін жалғасады. Бұрынғы жылдары мамырдың аяғында бөлім есігінің алдына ығы-жығы кісі толып, ата-аналар жолдама беретін қызметкердің қабылдауына кіру мүмкіндігін алу үшін төбелесетін. Алайда, бірнеше жылдан бері жолдаманы кезекпен беру жүйесі енгізілді: 22 мамырда, мәселен, балаларын №1 АДГ-ге, 23 мамырда - №6 бөбек-бақшаға орналастырғысы келетін ата-аналар құжаттарын алды. 26 мамырда сол жақ жағалаудағы балабақшаларға жолдамалар беріле бастайды және т.б. Енді дүрлігіс жоқ, алайда «ахуал қауырт күйде қалып отыр», ешкім бұл процестен алаңдатпау үшін бөлім қызметкерлері, тіпті, ұялы телефондарын ажыратып тастайды.

Бүгінде Атырауда мемлекеттік 32, ауылдық округтерде - 9 балабақша жұмыс жасайды, Бірлік поселкесінде тағы бір балабақшаны жазда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекке тұрушылардың 6 санаты жолдама алуда басымдықтарға ие: көпбалалы отбасылар; әскери қызметкерлердің балалары; барлық топтағы мүгедек ата-аналардың балалары; қамқорлыққа алынған балалар; бұрынғы интернат мекемелері тәрбиеленушілерінің балалары; арнайы ұйымдар (өртке қарсы күрес қызметі, қылмыстық атқару жүйесі және т.б.) қызметкерлерінің балалары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 мамыр 2017, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.