Атырау, 4 ақпан 15:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Оқиға

Жаяу жүргінші жолында баланы қағып кетті Оқиға

Жаяу жүргінші жолында баланы қағып кетті

21 тамызда сағат 22:40 шамасында Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы-Тоқатов көше қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2010 ж.т жасөспірімді 2004 ж.т.  жүргізуші басқарып келе жатқан маркасы Chevrolet Nexia автокөлігі қағып кетті. Бейнежазба 22 тамыз 2023, 11:33 1 054 рет қаралды
Құлсарыда жастар қатыгездікпен төбелескен Оқиға

Құлсарыда жастар қатыгездікпен төбелескен

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, «Құлсары қаласында 1 тамыз күні сағат 03:00 шамасында 2003-2004 ж.т. бірнеше азамат өзара сөзге келіп қалған. Нәтижесінде 2004 ж.т. азамат түрлі дене жарақатын алған». Бейнежазба 4 тамыз 2023, 14:16 1 867 рет қаралды
Бардағы бұзақылар Оқиға

Бардағы бұзақылар

Атырау полицейлері қаладағы барлардың бірінде қызды соққыға жыққан оқиғаны тергеп жатыр. Полиция департаменті «күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп қана хабарлады. 25 шілде 2023, 16:17 1 090 рет қаралды
Ескерту жасалған көлік жол апатына ұшырады Оқиға

Ескерту жасалған көлік жол апатына ұшырады

Атыраулық полицейлер облыс және аудан орталықтарынан шыға беріс тасжолдарда барлық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін назардан шығармау қажеттілігін айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Алайда оны елемейтіндер баршылық. Бейнежазба 22 шілде 2023, 15:40 1 792 рет қаралды
Доссор трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты Оқиға

Доссор трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты

16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды. Chevrolet Cobalt автокөлігі Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, салдарынан  Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2023, 21:51 1 800 рет қаралды
Вокзал маңындағы жол-көлік апаты: екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды Оқиға

Вокзал маңындағы жол-көлік апаты: екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды

15 шілде күні сағат 15:30 шамасында Атырауда Баймұханов көшесінде теміржол вокзалының маңында төрт көлік – екі жеңіл көлік (Toyota Camry және Hyundai Elantra) және «Daewoo» және «Youtong» маркалы екі автобус соқтығысты. Салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai Elantra көлігінің тағы бір жолаушысы, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 15 шілде 2023, 22:36 1 886 рет қаралды
Мас қожайын және "қатыгез бұзақы" ит Оқиға

Мас қожайын және "қатыгез бұзақы" ит

Әлеуметтік желіде полицейлердің қасында иті бар ер адамның тұрған видеосы пайда болды.  Полицейлердің бірі итті таяқпен қатты соғып, видео солай аяқталады. Ол жерде не болды? «АЖ» түсініктеме алу үшін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. 24 маусым 2023, 18:59 1 769 рет қаралды
Мас күйде Жайыққа түсіп, батып кете жаздады Оқиға

Мас күйде Жайыққа түсіп, батып кете жаздады

20 маусымда 14 сағат 20 минутта Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Судан құтқару жасағының байланыс номеріне қала тұрғыны хабарласып, «Элита» мейрамханасының тұсында Жайық өзеніне белгісіз ер азаматтың батып бара жатқаны туралы хабар түсті.  Бейнежазба 21 маусым 2023, 09:51 1 157 рет қаралды
Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады Оқиға

Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

7 маусым күні Атырау полициясы басқармасына айырбастау пунктінен шыққан 43 жастағы әйел адамның 45 млн теңгесін тонап кетті деген хабарлама түскен. Тергеу бастаған полицейлер ақшаны өзі иемдену үшін шағымданушының ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Бұл оқиғаға қатысқан оның екі танысы да ұсталды. 8 маусым 2023, 22:15 2 147 рет қаралды
Құрманғазы ауданында 12 жасар бала суға кетті Оқиға

Құрманғазы ауданында 12 жасар бала суға кетті

30 мамырда сағат 15:00-де Құрманғазы ауданы орталығынан 38 км қашықтықта орналасқан Сафон ауылында жасанды канал арқылы жылқы айдап бара жатқанда абайсызда ат үстінен құлаған 12 жасар бала суға батып кетті. 31 мамыр 2023, 14:40 1 106 рет қаралды
Атырау полицейлері көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарды Оқиға

Атырау полицейлері көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарды

26 сәуірде күндіз Атырау қаласы ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері Жилгородок-Авангард жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кетпек болған әйелді мониторлардан көріп, дереу оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді. 27 сәуір 2023, 10:04 1 567 рет қаралды
Неліктен сонша қатыгез еді? Оқиға

Неліктен сонша қатыгез еді?

Жақында әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірім өз құрдастарын соққыға жыққан видео пайда болды. Жанжалдың не себепті туындағаны белгісіз, бірақ қатыгездікпен ұрып-соққаны әлеуметтік желілерде наразылық тудырды. Бейнежазба 14 сәуір 2023, 17:26 1 592 рет қаралды
Индер-Сағыз жолында болған көлік апатынан екі адам қаза тапты Оқиға

Индер-Сағыз жолында болған көлік апатынан екі адам қаза тапты

18 наурыз күні облыстық маңыздағы Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз жолының 83-шақырымында 59 жастағы жүргізуші тізгіндеген УАЗ және 21 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан. Бейнежазба 19 наурыз 2023, 21:44 1 898 рет қаралды
Бейнеу – Доссор трассасындағы жол апатынан бір адам қаза болды Оқиға

Бейнеу – Доссор трассасындағы жол апатынан бір адам қаза болды

«Бейнеу-Құлсары-Доссор» трассасында Ақтаудан Атырауға келе жатқан 58 жастағы «Toyota Land Сruiser» жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік сайға түсіп кеткен. Оқиға салдарынан 59 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 6 наурыз 2023, 15:56 1 450 рет қаралды
Трассада Toyota мен жүк көлігі соқтығысып, 4 адам қаза тапты Оқиға

Трассада Toyota мен жүк көлігі соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Бүгін, 28 ақпанда таңертең Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492-шақырымында Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Бейнежазба 28 ақпан 2023, 17:10 1 700 рет қаралды
 №8 мектеп директоры мектеп ғимаратының ауласында от жағылғаны үшін қатаң сөгіс алды Оқиға

№8 мектеп директоры мектеп ғимаратының ауласында от жағылғаны үшін қатаң сөгіс алды

Әлеуметтік желілерде оқушылар мен мұғалімдер қаладағы №8 мектептің ауласында Масленица мерекесін атап өту үшін үлкен алау жаққан видео пайда болды. Мұнда осы ежелгі шығыс славян мерекесінің белгісі ретінде тұлыпты өртейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі мерекенің өзіне емес, ТЖД қызметкерлерінің бақылауынсыз мектеп ғимаратының жанында үлкен алау жағылғанына наразылық білдірді. 27 ақпан 2023, 13:15 1 369 рет қаралды
Атырауға ұшқан тікұшақ қатты екпінмен қонып, 4 адам қаза тапты Оқиға

Атырауға ұшқан тікұшақ қатты екпінмен қонып, 4 адам қаза тапты

Атырау – Орал – Атырау бағыты бойынша «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды шолған тікұшақтың қатты екпінмен қонуы нәтижесінде төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. 23 ақпан 2023, 21:48 1 831 рет қаралды
Суық далада өткен түн: жан да, мал да дін аман Оқиға

Суық далада өткен түн: жан да, мал да дін аман

17 ақпанда сағат 07:55-те Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылынан Атырау облысының Құлсары қаласына қарай  5 жасар баламен бірге бір отбасының жолға шығып, кері оралмағандығы жөнінде хабарлама түсті. 21 ақпан 2023, 18:38 1 604 рет қаралды
Қарлы боранда жоғалған малшы табылды Оқиға

Қарлы боранда жоғалған малшы табылды

16 ақпан күні сағат 09:00-да Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан бір тәулік бұрын 53 жастағы ер адамның түйемен мал жайлауға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түсті. 16 ақпан 2023, 16:09 1 222 рет қаралды
Индер трассасында жол апатынан 2 адам қаза тапты Оқиға

Индер трассасында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Бүгін 15 ақпан күні сағат 15:00 шамасында Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, 60 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды.   Сурет 15 ақпан 2023, 23:33 1 429 рет қаралды