Атырау, 28 қараша 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мұз астына түсіп кеткен балықшының денесі екі жарым айдан кейін табылды

1 283 просмотра

22 наурызда Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаңтар айында мұз астына түсіп кеткен 47 жастағы балықшының денесін тапты.

Еске салсақ, биыл 5 қаңтар күні  Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, балық аулап отырған 46 және 47 жастағы екі балықшы мұз астына түсіп кеткен болатын. Сол кезде бір азамат құтқарылып, екіншісі батып кеткен еді. Кейінгі 10 күн бойына сүңгуірлер жалпы ауданы 450 шаршы метрден астам алаңға 4-8 м тереңдікте 40-тан астам сүңгу жұмыстарын жүргізіп, іздестіру жұмыстары нәтижесіз тоқтатылған.

Күн жылынып, мұз еріген кезде туыстары денені іздеу туралы қайтадан арыз түсірген.

- 16 наурыздан бастап ТЖД құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Нәтижесінде 6 күн дегенде Құрсай ауылы тұсынан азаматтың денесі табылып, судан шығарылды, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

24 наурыз 2023, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.