18 маусым күні таңғы сағат 9:10 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолында Lada Priora көлігі мен Yutong автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға салдарынан 1985 жылғы, 2013 жылғы, 2016 жылғы, 2019 жылғы, 2021 жылғы жолаушылар қаза болды. Lada Priora көлігінің 1982 жылғы жүргізушісі алған дене жарақатының салдарынан Атырау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Қаза тапқандар - төрт баласымен бірге ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы.
Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған және әлеуметтік желіден алынған сурет пен бейнежазба