Атырау, 12 қазан 11:36
 дождьВ Атырау +11.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Орал жолындағы жол-көлік оқиғасында төрт адам жарақат алды

1 740 рет қаралды

18 ақпан  сағат 16:10 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 62 шақырымы тұсында "КамАЗ" жүк көлігі мен "Lada" соқтығысып қалды. 

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 ақпан 2023, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.