21 тамызда сағат 19:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 635 шақырымы тұсында адам өмірін қиған жол-көлік оқиғасы орын алды.
Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, салдарынан "Лада" автокөлігінің екі жолаушысы қаза болды. Оның жүргізушісі жүргізушісі және Toyota автокөлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА