Атырау, 28 қараша 01:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда жол апатынан төрт адам қаза болды

1 213 просмотра

20 мамыр Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды polisia.kz.

Салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Тергеп-тексеру басталды.

- Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды, - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.

20 мамыр 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.