Бүгін, 14 маусымда таңертең ертемен Геолог поселкесі тұсында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімдерді іздестіру жұмыстары басталды.
Жасөспірімдер 2007 және 2008 жылы туған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне шақырту 13 маусым күні кешкі уақытта түскен. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар шомылуға тыйым салынған жерде шомылған.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден және ТЖ департаментінен алынған суреттер