20 маусымда 14 сағат 20 минутта Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Судан құтқару жасағының байланыс номеріне қала тұрғыны хабарласып, «Элита» мейрамханасының тұсында Жайық өзеніне белгісіз ер азаматтың батып бара жатқаны туралы хабар түсті.
Құтқарушылар Ж. Арманов, Е. Қалабаев және С. Мухамеджанов дереу оқиға орнына жетіп, суға батқан ер адамды дер кезінде құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оның 55 жастағы өзбек азаматы екені, ішімдік пайдаланғаны анықталды.
ТЖД қала тұрғындарына тек жағажайларда шомылуды, мас күйде суға түспеуді, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет пен бейнежазбаны ТЖД жолдады