26 сәуірде күндіз Атырау қаласы ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері Жилгородок-Авангард жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кетпек болған әйелді мониторлардан көріп, дереу оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді.
Аға сержант Максим РАХМИДЕНОВ пен сержант Мұратбек БЕЛЕКЕН секіріп үлгерген әйелге қайықпен жетіп, оны шығарып алды. Оларға көмекке капитан Жеткіншек ИМАНҒАЛИЕВ пен сержант Нұртай ЖҰМАБАЕВ келді. Құтқарылған әйел (22 жаста) жағаға шығарылып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ТЖД қызметкерлеріне тапсырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облыстық ТЖД жолдаған сурет