Атырау полицейлері қаладағы барлардың бірінде қызды соққыға жыққан оқиғаны тергеп жатыр. Полиция департаменті «күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп қана хабарлады.
Ал әлеуметтік желіде видео пайда болып, кадр сыртындағы ер адам: бар жабылғаннан кейін оның күзетшілері достарымен бірге осында болған және бардан шығып бара жатқан қызбен таныспақ болғанын айтады. Қыз танысудан бас тартқан соң, күзетшілердің ашуы келіп, оған қол жұмсаған.
Айнұр САПАРОВА
Бейнежазбадан алынған скриндер