7 тамызда сағат 15:40 шамасында қала маңындағы Талқайран ауылы тұсында Жайық өзеніне белгісіз ер адам батып кеткені жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткен кезде, 58 жастағы ер азамат жабдықталмаған, суға түсуге тыйым салынған жерде суға шомылған кезде батып кеткені анықталды. Құтқарушылар 45 минуттан кейін ер азаматтың денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басынан Атырау облысының су айдындарында 11 адам суға батып кетті (оның үшеуі бала). 6 адам құтқарылды (оның 1 – бала).
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ