21 тамызда сағат 22:40 шамасында Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы-Тоқатов көше қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2010 ж.т жасөспірімді 2004 ж.т. жүргізуші басқарып келе жатқан маркасы Chevrolet Nexia автокөлігі қағып кетті.
Жасөспірім жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Видео әлеуметтік желінден алынды