Атырау, 1 қаңтар 13:03
 бұлттыВ Атырау -6
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды Оқиға

Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды

5 қыркүйекте күндіз Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде (қала маңындағы Дамба ауылы жағында) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері екі Атырау тұрғыны мінген аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын ұстады. Қайықты тексеру барысында жалпы салмағы 264 кг болатын 92 бекіре тұқымдас балық еті, жалпы салмағы 34 кг 39 бекіре тұқымдас балық басы және жалпы салмағы 22 кг болатын 2 сазан, сондай-ақ, ұзындығы 300 метрге жуық торлар мен «Гармин» спутниктік навигаторы табылып, тәркіленіп алынды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 6 қыркүйек 2019, 11:43 8 629 рет қаралды
Құқылы болса да, тізімге ілінбеген Басқа жаңалықтар

Құқылы болса да, тізімге ілінбеген

Атырауда түсініксіз себептермен айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару тізіміне ілікпеген жандар таңғы сағат 4-тен бастап қалалық АХАЖ бөлімінде кезек күтіп отырады. Бұл бөлім келушілердің көптігіне байланысты уақытша Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының іргеқабатына уақытша «көшіп келген». Сурет Бейнежазба 10 қыркүйек 2019, 17:16 5 667 рет қаралды
Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған Басқа жаңалықтар

Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған

7 қыркүйекте Астрахан тас жолында Исатай ауданы Новобогат ауылына жақын жерде белгісіз бір топ адам Астраханнан Атырауға бара жатқан өзбекстандық жүк көліктеріне тас лақтырған. Бұл туралы жүргізушілердің бірі Нурилло Нуритдинов Facebook-те бөлісіпті. Толықтырылды Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 11:19 4 775 рет қаралды
Қазақстанда екі педофилге химиялық кастрация жасалып жатыр Қазақстанда

Қазақстанда екі педофилге химиялық кастрация жасалып жатыр

Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді. Бұл процедура қазіргі уақытта екі адамға жасалып жатыр, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы. 10 қыркүйек 2019, 16:27 2 945 рет қаралды
Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды Қазақстанда

Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. Бейнежазба 10 қыркүйек 2019, 16:18 2 640 рет қаралды
Freedom House Қазақстан билігінен Жәкішевті босатуды талап етті Қазақстанда

Freedom House Қазақстан билігінен Жәкішевті босатуды талап етті

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінен түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевті дереу босатуды талап етті. 10 қыркүйек 2019, 15:48 2 413 рет қаралды
CNN: АҚШ Ресейден тыңшысын жасырын алып шығып кеткен Әлемде

CNN: АҚШ Ресейден тыңшысын жасырын алып шығып кеткен

Құрама Штаттар 2017 жылы Ресейдің үкімет аппаратында жұмыс істейтін тыңшысын жасырын алып шығып кеткен. CNN телеканалы Дональд Трамп әкімшілігіндегі дереккөзіне сүйеніп, осылай хабарлады. 10 қыркүйек 2019, 14:27 2 707 рет қаралды
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылмақ Қазақстанда

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылмақ

Микро және шағын бизнесті табыс салығынан босатқаннан кейін ел бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылады. Алайда үкімет бұл шығынды салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен қайтаруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 10 қыркүйек 2019, 12:15 2 256 рет қаралды
Нұрымбетов Маңғыстау облысындағы ереуілге қатысты түсініктеме берді Қазақстанда

Нұрымбетов Маңғыстау облысындағы ереуілге қатысты түсініктеме берді

"М-Техсервис" мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары жалақыны 65%-ке көтеруді талап еткен. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 10 қыркүйек 2019, 12:17 2 751 рет қаралды
«Атырау Су Арнасы» миллион текше метр судың қайда кететінін анықтағысы келеді Басқа жаңалықтар

«Атырау Су Арнасы» миллион текше метр судың қайда кететінін анықтағысы келеді

«Атырау Су Арнасы» КМК «Атырау Су Арнасы» КМК-нің жаңа басшылығы су арнасы желілеріндегі су шығынын азайтуға ниетті» деген атаумен баспасөз хабарламасын таратты. «AЖ» хабарламаны жариялап, сонымен қатар өз түсініктемесін де ұсынады. 10 қыркүйек 2019, 12:06 4 258 рет қаралды
Трамп "Талибанмен" бейбіт келіссөз доғарылғанын жариялады Әлемде

Трамп "Талибанмен" бейбіт келіссөз доғарылғанын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы басшыларымен келіссөздер доғарылатыны туралы мәлімдеді. Бұған дейін Вашингтон Ауғанстанда 18 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты аяқтап, бейбітшілік бітімі мен АҚШ әскерін ол елден әкетудің шарттарына байланысты келісімге келу үшін жылға жуық уақыт "Талибанмен" келіссөз өткізген еді. 10 қыркүйек 2019, 11:13 2 574 рет қаралды
Қазақстан азаматы Ресейде шенеунік әйелге шабуыл жасады деп айыпталды Қазақстанда

Қазақстан азаматы Ресейде шенеунік әйелге шабуыл жасады деп айыпталды

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген Бақыт Қарабалаев Қазақстан тумасы екенін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. 10 қыркүйек 2019, 10:30 2 639 рет қаралды
Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады – министрдің жауабы Қазақстанда

Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады – министрдің жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға қатысты ұсыныстар әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 10 қыркүйек 2019, 10:24 2 521 рет қаралды
Британ патшайымы Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын заңға қол қойды  Әлемде

Британ патшайымы Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын заңға қол қойды

9 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы Елизавета II үкіметке Еуропа одағы құрамынан Еуроодақпен келісім жасамай және оны парламент мақұлдамай шығуға тыйым салатын заңға қол қойды.  10 қыркүйек 2019, 10:16 3 471 рет қаралды
Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерге тиісті шара қабылданады – Асқар Мамин Қазақстанда

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерге тиісті шара қабылданады – Асқар Мамин

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерге тиісті шара қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  10 қыркүйек 2019, 10:05 2 381 рет қаралды
Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді Қазақстанда

Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.   10 қыркүйек 2019, 09:46 2 626 рет қаралды
Пхеньян тағы да зымыран ұшырды Әлемде

Пхеньян тағы да зымыран ұшырды

10 қыркүйекте Cолтүстік Корея Жапон теңізіне қарата екі зымыран ұшырды деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Пхеньян ядролық бағдарламасының болашағы туралы АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырмақ ниеті барын білдірген соң іле-шала зымыран ұшырған деп хабарлады "Америка дауысы". 10 қыркүйек 2019, 09:38 2 223 рет қаралды
Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын! Басқа жаңалықтар

Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын!

7 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында 30-ға жуық адам жиналып, «қытай экспансиясына қарсы» наразылық білдірді. Олар сондай-ақ жазасын өтеп жатқан қоғамдық белсенді Макс БОҚАЕВТЫ босатуды да талап етті. «АЖ» тілшісі митингке қатысушылардың бірі, қоғамдық белсенді Бекболат МҰХАНАЛИЕВПЕН телефон арқылы сөйлесті.    Сурет Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 20:18 5 787 рет қаралды